Атырау, 28 наурыз 20:28
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Салынған, салынып жатқан, жобаланып отырған нысандар туралы

3 519 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тілек МАХУОВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті (суретте).

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫ

Биыл «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша облыстың елді мекендерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 9,7 млрд теңге бөлінді, соның ішінде: ҚР-ның арнайы резервінен 3,4 млрд теңге Индер ауданының Индербор поселкесін газбен, электрмен және сумен жабдықтауға, Құлсары қаласындағы Болашақ ықшамауданын, Атырау қаласындағы Жұмыскер поселкесін, Қайыршақты, Еркінқала, Ақсай, Кеңөзек ауылдық округтарын, Сарықамыс-2, Самал ықшамаудандарын сумен жадықтауға (Индер ауданы бойынша келісімшарттар жасалған, жұмыстар жүруде; қалған нысандар бойынша конкурстық шаралар жүргізілуде) бөлінді;

Ұлттық қордан 4,1 млрд теңге Атырау қаласындағы Береке, Атырау ықшамаудандарын, Тасқала, Көкарна, Водниково-3 поселкелерін, Қызылқоға ауданының Миялы ауылын және Құрманғазы ауданының Ганюшкино ауылын сумен, газбен, электрмен жабдықтауға, Құлсары қаласындағы Жаңа Қаратон поселкесін электрмен, сумен жабдықтауға, Болашақ ықшамауданын электрмен жабдықтауға бөлінді;

Республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге Атырау қаласындағы Еркінқала, Жаңаталап, Көкарна, Талғайраң ауылдарын, Водниково-2 поселкесін сумен жабдықтауға бөлінді;

Жергілікті бюджеттен 497 млн теңге Мақат поселкесін газбен, электрмен және сумен жабдықтауға бөлінді.

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ

Осы жылы жергілікті бюджет есебінен Құлсары қаласындағы №15 мектепке арналған спортзалдың, ТШО-ның демеушілік қаржы есебінен Атырау қаласындағы 100 орындық жатақханасымен бірге дарынды балаларға арналған 320 орындық ұлттық гимназияның, Махамбет ауылындағы және Атырау қаласы Привокзальный ықшамауданындағы 280 орындақ балабақшалардың, сондай-ақ, Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай мен Жаңатаң ауылдарындағы 160 орындық балабақшалардың құрылыстары аяқталды.

Барлығы 2016 жылы облыста 4126 орынға арналған 16 мектептің және 3690 орынға арналған 17 балабақшаның құрылыстары жүріп жатыр.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ

Атырау қаласы Геолог поселкесіндегі бір ауысымға жүз келушіге арналған емханана пайдалануға берілген, сондай-ақ, облыс орталығында 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жалғасуда.

Бүгінде 75 келушіге арналған үш отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталған – Исатай ауданы Жанбай ауылында және Қызылқоға ауданы Жасқайрат пен Мұқыр ауылдарында, сондай-ақ, Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының РТС ықшамауданында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталған.

Осы жылы Атырау қаласындағы Тасқала ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жсопарланған, Мақат аудандық өкпе ауруларына қарсы аурхананың бетон қоршауының, Атырау қаласындағы №7 емхананың екінші қабаттағы балалар мен ересектер бөлімі арасындағы өтетін жердің және екі көлікке арналған көлікжайдың, облыстық өкпе ауруларына қарсы диспансердің бес қабатты ғимаратының темірбетон қоршауын және кіреберіс алаңын жөндеу, Ганюшкино ауылындағы 75 төсектік орталық аудандық аурухананың құрылысы жоспарланып отыр.

NCOC-дің демеушілік қаржысының есебінен Индер ауданы Көктоғай ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталған.

МӘДЕНИ НЫСАНДАР

Осы жылы облыста бес мәдениет үйлері салынатын болады – Исатай ауданы Жанбай ауылында, Индербор поселкесінде, Индер ауданының Бөдене және Есбол ауылдарында және Атырау қаласының Жұмыскер поселкесінде.

Жеті мәдениет үйінің құрылысын бастау жоспарланып отыр – Атырау қаласының Еркінқала, Жаңаталап, Ақжар ауылдарында, Махамбет ауданының Береке ауылында, Қызылқоға ауданының Қарабау және Мұқыр ауылдарында, Құрманғазы ауданының Дәшін ауылында.

Атырау қаласының Томарлы ауылында және Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында ауылдық клубтар жобаланып отыр, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында мәдениет клубы жобаланып отыр.

СПОРТ НЫСАНДАРЫ

Осы жылдың соңына дейін Атырау қаласында теннис кортының және Атырау қаласының Ақжар мен Атырау ауылдарында екі спорт кешенінің құрылысы аяқталмақ.

Жылыой ауданындағы Қосшағыл, Тұрғызба, Жаңа-Қаратон және Майкөмген поселкелерінде спорт кешендерінің құрылыстары жоспарланған. Және Атырау қаласында спортта дарынды балаларға арналған интернатпен бірге спорт кешені жобаланып отыр. Жылыой ауданының Ақкиізтоғай мен Шоқпартоғай ауылдарында екі спорт кешенінің құрылысы басталды.

БАСҚА НЫСАНДАР. ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАР

Мақат, Құлсары, Ганюшкино, Аққыстау, Махамбет аудандық орталығында, сондай-ақ Доссор поселкесінде кәріздік-тазарту ғимараттарын жобалау жүргізілуде. Облыс әкімдігінің көлікжайын бұрынғы қалпына келтіру бастау жоспарланып отыр. Облыс әкімінің Астанадағы резиденция ғимаратын қайта қалпна келтіру, облыстық әкімдікке жалғама ғимаратты қалпына келтіру, сонымен қатар, 1200 орынға арналған құрылысы аяқталмаған концерттік залды әкімшілік ғимарат етіп қайта салу жоспарланып отыр,

Т.Махуовтың айтуынша, концерттік залдың қасында орналасқан 100 орынға арналған монша-сауықтыру кешенінің құрылысы 2013 жылы қайта жаңғыртылған, бірақ кейін құрылыс басқармасына мердігермен келісімшартты сот тәртібінде бұзуға тура келді:

- Мердігер құрылысты жалғастыра алмады, себебі, жобалау құжаттары ескіріп кеткен, бөлінген бюджет қаржысы жетпеді... Нысанның әрі қарайғы тағдыры әлі күнге дейін шешілмеді. Әртүрлі пікірлер бар: монша үшін орын дұрыс таңдалды ма, нысанды әкімшілік ғимарат етіп қайта салған жөн емес пе деген. Бәрі де ғимараттың баланстық құнын анықтаған кезде белгілі болады. Егер инвестор табылса, біз оны береміз!

Махуовтың айтуынша, Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталған болатын, бірақ кейін нысанды ашуға келгенде бөлек тұрған асүй ғимаратында іргетасттың ақауы пайда болғаны анықталған болатын. Іргеасты кері жасауға тура келді, асүйдің кері салуға тура келді. Аурухана қыркүйекте ашылады. Нұрсая ықшамауданындағы 624 орындық екі мектеп құрылысы әзірге тоқтап тұр. Олардың бірі (ағылшын тілін тереңдетіп оқуға арналған гимназия) ТШО-ның қаржысына тұрғызылуда, екіншісі жергілікті бюджет есебінен салынуда.

- Гимназия бойынша: жоба жасалып, сараптамадан 2011 жылы өткен болатын, құрылысы 2012 жылы басталды. Жобаның күрделілігіне және өткен жылғы теңгенің девальвациясына байланысты тоқтап қалды. Жобалау құжаттарының мерзімі екі жыл бұрын өтіп кетті. Біз оларды түзетуге жібердік. Содан соң құрылыс қайта жаңартылады. Бүгінде ғимараттың құрылысы 70 пайызға бітіп тұр.

Бюджеттік мектеп бойынша: өткен жылы біз 150 млн теңге бөлдік, мердігермен келісімшарт жасастық. Ал, құрылыс басталғанда, мердігерің құжаттарынан проблема бар екені белгілі болды. Онымен арадағы келісімшартты сот тәртібінде бұздық. Жақын арада құрылысты кері жаңарту жоспарланып отыр. Уайымдамаңыз, мектеп болады...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

20 тамыз 2016, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.