Атырау, 20 сәуір 15:44
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жалған терроршы сотталды

1 599 просмотра

Атырау қаласының №2 сотында терроризмге қатысты жалған ақпарат таратты деп айыпталған Жылыой ауданының Т. есімді тұрғынына үкім шығарылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай осы жылдың 25 шілдесінде Атырау қаласында болған Т., 102 нөмірі арқылы қоңырау шалып, Атырау қаласының теміржол вокзалына бомба қойылғаны туралы хабар берген. Мұқият тексеру нәтижесінде бұл хабарламаның жалған екендігі анықталды. Көп ұзамай «терроршының» өзі де қолға түсті.

Сот барысында Т. өз әрекетіне өкініп, қала прокурорымен кінәні мойындау түріндегі процестік келісім жасасты. Ол ҚР ҚК 273-ші бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») кінәлі деп табылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Бұдан басқа сотталушыдан құқық қорғау органдарына келтірген материалдық шығын - 322 406 теңге өндірілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.