Атырау, 29 наурыз 15:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстандағы 9 жоғары оқу орны грантсыз қалған "Алтын белгі" иегерлерін оқытуға дайын

2 660 просмотра

Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орны мемлекеттік білім беру гранттарын ала алмаған 45 "Алтын белгі" иегерін өз есебінен оқытуға дайын. Бұл туралыTengrinews.kz тілшісіне ҚР БҒМ баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бірнеше жоғары оқу орны мемлекеттік білім беру гранттарын ала алмаған 45 "Алтын белгі" иегерін тегін оқытуға мүмкіндік беретін жүйе қарастырды.

"Бұл ұсынысты еліміздегі онға жуық жоғары оқу орнының ректоры қолдады. Олардың ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 10 адам, Тұран университеті - 10 адам, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - 1 адам, Қазақ гуманитарлық Заң университеті - 15 адам, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті - 3 адам, Сүлейман Демирель атындағы университет - 2 адам, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті - 1 адам, Алматы Менеджмент университеті - 1 адам, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - 2 адам", - деп хабарлады министрліктегілер.

"ҚР БҒМ жоғары оқу орындарына алғыс айтады. Өте жақсы деген көрсеткішпен тәмамдаған түлектердің еліміздегі жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндігі болмас еді", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, биыл 45 "Алтын белгі" иегері мемлекеттік грант ала алмады. "Биыл 2059 "Алтын белгі" иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары ндустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен мемлекеттік грант ала алмаған 45 "Алтын белгі" иегерінің 19-ы экономикалық мамандықты, 8-і - халықаралық қатынастар, 14-і - заң мамандығын таңдаса, 4-еуі - аударма ісін таңдаған екен.

Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген.

Дереккөз: Tengrinews.kz


17 тамыз 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.