Атырау, 18 сәуір 23:33
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Құрылыс шенеуніктері параларды қайтарса да жаза алды

1 736 просмотра

Атырауда миллиондаған бюджет ақшасын жымқырды деген айыппен қалалық құрылыс бөлімінің басшылығына үкім шығарылды.

№2 Атырау қалалық соты қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы С.Жұмашбаевқа, оның орынбасары С.Қайыровқа және бөлім маманы А.Бижановқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық сот материалдарына сүйенсек, лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары Атырау қаласындағы орта мектептерге жалғама құрылыс салу үшін бөлінген бюджет қаржыларын ұрлау және мердігер мекеме басшыларынан заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша басталған.

Сотта олардың мемлекетке 64 млн теңгеден астам сомада зиян келтіргені анықталды. Сонымен қатар, олардың бөлінген бюджет қаржыларының едәуір бөлігін құрылыс компанияларынан алғаны анықталды. Халық арасында бұл «откат» деп аталады.

Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-тармағының 2-тармақшасы (аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу), 366-бабының 3-тармағының 2, 3, 4-тармақшалары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен iрi мөлшерде бірнеше рет пара алуы), 365-бабы (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот отырысы барысында сотталушылар мемлекетке тигізілген бүкіл зиянды өтеді.

С.Жұмашбаев пен С.Қайыровқа мүліктерін тәркілеумен, өмір бойына мемлекеттік қызмет лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырумен қатар, 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. А.Бижанов шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 тамыз 2016, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.