Атырау, 19 сәуір 11:44
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Доссордағы сақалды құрылыс

2 865 просмотра


Доссор поселкесіндегі 100 орындық шипажайлық балалар бақшасы (туберкулез сырқаттарымен байланысы бар балаларға арналѓан) құрылысының басталғанына 5 жыл өтсе де әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ.

Құрылыс нысаны НКОК Н.В. компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымды жобалар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Алайда, ғимарат тұрѓызылѓаннан соњ ќ±рылыс ж±мыстары тоќтатылды.

Құрылыс нысаны НКОК Н.В. компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымды жобалар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Алайда, ғимарат тұрғызылғаннан соң құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

–НКОК және құрылыс мердігері арасындағы келісім-шартқа сәйкес балабақша құрылысы 2011 жылы желтоқсанда басталды. Бірақ, мердігер келісім-шарт талаптарын орындаған жоқ, сондықтан да басқа мердігерді іздеуге тура келді, соның салдарынан құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Осы жылдың наурыз айында біз «Жайық Универсал» ЖШС-мен келісім-шартқа отырдық,енді жұмыс жалғасады, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тілек МАХУОВ.

Бүгінгі күнге дейін ғимараттың сыртқы қаптау жұмыстары мен ауладағы жаяу жүргінші жолға тақта тастар төсеу аяқталды.

– Нысан құрылысының жалпы құны – 283 млн теңге. Құрылыс материалдары жеткілікті, барлығы да дер кезінде жеткізіліп отырады, дейді «ЖайықУниверсал» ЖШС директоры Талап ӨМІРҒАЛИЕВ.

Шипажайлық балабақшаны осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

11 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.