Атырау, 28 наурыз 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жұмыс беруші міндетті емес

2 616 просмотра

Ашық бос орындарға үміткерлермен сұхбаттасу кезінде кейбір жұмыс берушілер есептен шығару хаттарын талап етеді. Осыған қатысты сұрағым бар. Бізде Атырауда ТШО, НКОК және т.б. компаниялардың жобаларына жұмылдырылған компаниялар көп. Бір компаниядан екіншісіне (немесе клиент компанияға) көшу кезінде жұмыс беруші көбінесе ағымдық компания басшылығынан басқа фирмамен келіссөздер жүргізу келісімін растайтын «есептен шығару хатын» талап етеді.

Жұмыс беруші тарапынан мұндай құжатты талап ету қаншалықты заңды екенін білгім келеді. Өйткені, ҚР Еңбек кодексінің 32-бабында «жаңа еңбек келісімшартын жасау кезінде қажетті» деп белгіленбеген. Оның үстіне, бір-бірімен байланысты компаниялардың қызметкерлерін тарту туралы келісім жария сипатта болмайды.

Бұл құжатты өз қызметкеріне бергісі келмейтін, осылайша басқа компанияда оның кандидатурасының қаралуына кедергі келтіретін ағымдық жұмыс берушінің әрекеті қаншалықты заңды және бұл жағдайда ҚР ЕК-нің 6-бабы қолданыла ма?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБИРОВА жауап берді:

– Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек келісімшартын жасау үшін келесі құжаттар керек:

1) жеке куәлiк немесе төлқұжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшiн туу туралы куәлiк) қажет. Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;

2) тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.

Еңбек кодексінің 32-бабының 6-тармағына сәйкес, жұмыс беруші ҚР заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Осылайша, 32-бапта жұмыс берушіге Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көрсетілгендерден басқа қандай да болмасын құжаттар ұсыну қарастырылмаған. Яғни, жаңа жұмыс берушінің оған «есептен шығару хатын» ұсыну туралы талабы заңсыз.

Жұмыс берушінің міндеті Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағында қарастырылған. Ол тізімде жұмыс берушінің міндетіне қызметкердің талабы бойынша оған «есептен шығару хатын» ұсыну кірмейді. Бұл жұмыс берушінің құқығы, бірақ міндеті емес. Осыған байланысты, жұмыс берушінің «есептен шығару хатын» ұсынудан бас тартуы еңбек саласындағы кемсітушілік болып табылмайды.

11 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.