Атырау, 29 наурыз 04:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жол жиегіндегі көлік

2 409 просмотра

Күн сайын Құлманов көшесіндегі жол жиегінің екі жағына да (ТШО мен «Іскер» компаниясы ғимараттарының арасындағы шаршыда) көліктер қойылғанын көруге болады. Бұл көліктердің көпшілігі Атырау қалалық ІІБ қызметкерлеріне тиесілі. Осылайша қойылған көліктер бұл учаскедегі қозғалысты, әсіресе, қарбалас уақытта көлік қозғалысын көп қиындатады. Оған қоса, жақын маңдағы «Идеал» супермаркеті алдындағы көлік қоятын орын қалалық ІІБ қызметкерлерінің көліктерімен толы болады. Бұл да дүкенге келушілерге көп қолайсыздық тудырады. ҚІІБ ғимараты маңында өз көлік қоятын орны бар. Оған неліктен екені белгісіз, ҚІІБ қызметкерлері мен келушілердің жеке көліктеріне кіруге тыйым салынған. ҚІІБ-ге келушілер өз көліктерін қайда қоюға тиіс?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау қалалық ІІБ жергілікті полицей қызметінің бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ жауап берді:

– Атырау қалалық ІІБ ғимараты режимдік нысан болып табылады, ол жерде өткізу режимі орнатылған. Бұл режим әкімшілік ғимарат төңірегіне орнатылады. Ол жерде мемлекеттік құпия мұрағаттар мен құжаттамалар бар. Режимдік нысан аумағына кіруге тек қызметтік көліктер мен арнайы көліктерге ғана рұқсат етіледі. Қалған басқа көліктерге кіруге қатаң тыйым салынған.

Құлманов көшесінің бойындағы және «Идеал» супермаркетінің жанындағы көлік құралдарының тұрағы мен тоқтайтын жеріне келер болсақ, полиция қызметкерлері басқа азаматтармен қатар жол қозғалысы ережелерін ұстануға тиіс. Азаматтар жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтаған жағдайда, олар туралы Атырау қалалық ІІБ жедел басқару орталығына 102 нөміріне хабарлауды өтінеміз. Ереже бұзушыларға қатысты әкімшілік сипатта шаралар алынатын болады. Атырау қалалық ІІБ-не келушілер жол қозғалысы ережесін ұстана отырып, өз көліктерін ғимарат маңында орналасқан барлық қолжетімді жерлерге қоя алады.


11 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.