Атырау, 19 сәуір 20:34
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 903 просмотра

Image 0Бокс

Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мектеп және колледж оқушылары арасында бокстан Алматыда өткен ҚР VIII жазғы спартакиадасында облыс құрамасы табысты өнер көрсетті.

Жарыстың «алтын» жүлдесін Аян Қабидоллаев жеңіп алды, «қолаға» - Абдолла Бекет, Дархан Нығметуллин, Аят Айтқалиев және Сұңкар Тельманов ие болды. Командалық есеп боынша облыс құрамасы бесінші орынды иеленді. Спортшыларды жаттықтырушылар Азамат Байдулиев пен Жандос Жұмабеков дайындады.

***

Сербияда бокстан 34-ші «Golden Glove of Vojvodina» халықаралық жастар турнирі өтті.

Мақат ауданының спортшысы Қазбек Сапенов (суретте сол жақта шеткі) 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан құрамасында алаңға шығып, күміс медальды жеңіп алды. Талантты спортшымыз Қазбек елде біраз тыныққан соң Щучинск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанбақшы.

Суреттерді облыстық бокс федерациясы ұсынды

***

Спартакиадалар

Өскемен қаласында өткен ҚР спорт ардагерлерінің IV Спартакиадасының қорытындысы бойынша Атырау облысының құрамасы жалпы командалық есеп бойынша 5-ші орынды жеңіп алды.

Армрестлинг бойынша өткен жарыста Рахила Молдашева (Махамбет ауданы) жеңімпаз деп танылды. Қазақ күрестен жерлестеріміздің қанжығасына үш медаль байланды: Марал Көшенов алтынға ие болса, қоланы – Аманбай Қыздарбаев (екеуі де Атырау қаласынан) пен Бурхан Оралбеков (Исатай ауданы) иеленді.

4х200 метр қашықтық эстафетасында жеңіл атлетикадан облыстың екі командасы (ерлер және әйелдер) қола жүлдегер атанды. Команда құрамында Генрих Мұратов, Жанар Сәрсенғалиева, Шынар Ихсанова, Алмасболат Қарабалин (Қызылқоға ауданы), Ернар Рахметқалиұлы, Мейрамгүл Сәрсекеева, Мейрамгүл Шайхиева (Құрманғазы ауданы) және Жұмабек Қауашовтар (Мақат ауданы) өнер көрсетті.

50 метрге еркін жүзу бойынша алтын мен күміс медальды Людмила Федотова мен Наталья Сташко (Құрманғазы ауданы) жеңіп алды. Тоғызқұмалақ бойынша өткен жарыста «күміске» Құрманбай Әшетов қол жеткізді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


4 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.