Атырау, 19 сәуір 18:03
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Армения президенті оппозиция талабын орындап, жаңа үкімет құратынын мәлімдеді

2 173 просмотра

Фото: nahnews.orgАрмения президенті Серж Саргсян (суретте) бірнеше айдан кейін оппозиция көтерген талаптың бірі — ұлттық келісім үкіметі құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Армения президенті республика басшысы дүйсенбі күнгі қоғам, билік, дін өкілдерімен кездесуінде жариялады. Кездесуде Еревандағы полиция бөлімін қарулы күштердің басып алуынан кейінгі жағдай талқыланды,- деп хабарлайды 365info.kz сайты Армения жаңалықтарына сілтеме жасап.

— Армения билігі мінсіз деп айта алмаймын. Иә, бізде шешілмей жатқан күрделі мәселе көп. Оларды шешу процесін жеделдету керек. Осы мақсатта ұлттық келісім билігін құрамыз, ондағы шешімдер ауқымды келісіммен жүзеге асырылады. Осы мәселе бойынша Армения Конституциясына түзетулер енгізілді, бұл реформалар осындай биліктің негізі болмақ, — деді ол.

«Бірнеше айдан кейін дәл осындай үкіметтің, дәл осындай биліктің болатынын сенімділікпен айта аламын», — деп мәлімдеді республика басшысы.

Ұлттық келісім үкіметін құру — оппозиция көтерген талаптардың бірі.

Сондай-ақ Армения президенті 29-30 шілде күндергі әрекеті үшін халықтан кешірім сұрап, енді қарумен, күштеу арқылы мәселені шешуге жол берілмейтінін айтты.

Еске сала кетелік, 17-шілдеде қарулы топ Еревандағы полция бөлімшесін басып алып, полиция қызметкерлерін кепілге алған. Одан кейін олар 4 дәрігерді кепілге алды. Олар түрмедегі оппозиция көшбасшысын босатуды талап етті.

Бір жарым аптаға созылған келіссөзден соң, билік полиция бөлімшесін басып алғандарды күштеп ауыздықтау туралы шешім шығарды. Бұл шешіммен келіспеген халық үдере көтеріліп, көшеге шықты. Бейбіт шеруге шыққан халықты да билік тарқатуға мәжбүр болды. Қазір полиция бөлімшесін басып алғандар қамауға алынды. Оларға қатысы бар деген тағы 50 шақты адам ұсталып, тергеп-тексеріліп жатыр.

Дереккөз: 365info.kz

2 тамыз 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.