Атырау, 18 сәуір 20:11
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Екі белсендіні қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды

3 294 просмотра


Бүгін, 29 шілдеде Атырауда «УГ-157/1» мекемесінде Талғат АЯН мен Макс БОҚАЕВҚА қатысты бұлтартпау шарасы жөнінде көшпелі сот отырысы өтті. Жақын арада олардың тергеу абақтысында 2 ай болу мерзімі аяқталады.

Көшпелі процесс таңертеңгі сағат 10-ға белгіленді. Алайда қамауға алынғандардың туыстары мен достарына белгіленген орынға жету үшін шыжыған күн астында бір шақырымнан астам жерді жүріп өтуге тура келді. Өйткені, полицейлер күтпеген жерден АМӨЗ-ге жақын маңдағы Жылы канал деп аталатын көлік өткелін жауып тастаған.

Тәртіп сақшылары мұны канал арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігімен және оны жөндемейінше, қозғалыстың шектелетіндігімен түсіндірді. Погонды адамдар салқынқандылық танытып, топырлап жиналып қалған адамдардың өтініштеріне міз бақпады. Ал айналып өтетін жол жоқ. Біреулер кері бұрылып, алды-артына қарамай кетіп қалды. Бірақ көпшілігі тәуекелге бел буып, көліктерін қалдырды да, ыстыққа қарамастан жаяу-жалпылатып жолдарын жалғастырды.

Тергеу абақтысының алдында адамдарды тағы бір жайсыздық күтіп тұрған еді – күзет аумаққа жиналғандарды мекемеге кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Алайда, ереже бойынша оларға кіруге болады. Сусыз және ұялы байланыссыз қалған (сигналды, шамасы, бұл жерде тұншықтыратын болса керек) Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау тобы сот шешімін ашық аспан астында күтуге мәжбүр болды. Дегенмен, полиция, ҰҚК және сот қызметкерлері көлеңкеде тұрған бейбіт адамдардың арасында ерсілі-қарсылы жүрді де қойды. Қоғамдық белсенділерінің жандарына жақындап барып, өздерінің көзқарасын білдіруге қысылмаған облыстық әкімдіктің қызметкерлері де болды. Өзін Артур АЙТМАҒАМБЕТОВПІН деп таныстырған жігіт митингке көбірек ұқсайтын-мыс мұндай жиналыстарды ескерту керек деп кеңес берді. Тіпті, бейнетүсірілім туралы да ескертті (шамасы, бұл адам БАҚ туралы заңнан хабарсыз болса керек). Үш сағаттан соң жиналғандарға адвокат Төлепқали АЯНОВ (Талғат АЯННЫҢ әкесі) шығып, көшпелі процессті бейнефиксация жасауға тыйым салынғанын, судьяның қарсылық білдіруді қабыл алмағанын, Макс Боқаев пен Талғат Аянды 31 тамызға дейін қамауда қалдыратындығын хабарлады. Кейінірек, тергеуші судья Г.ИБРАШЕВАНЫҢ тергеу тобының басшысы – ҰҚКД-нің 9-шы басқармасының бастығы А.ӘБУҒАЛИЕВТЫҢ қылмыстық іс материалдарымен танысатын уақытқа - М.Боқаев пен Т.Аянды қамауда қалдыру мерзімін бір айға созу туралы өтінішхатын қанағаттандыруға қаулы еткені белгілі болды.


Марат ТАКУЛИН

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

29 шілде 2016, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.