Атырау, 28 наурыз 14:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанның Олимпиадалық формасы Зика вирусына байланысты өзгерді

1 851 просмотра

Image 0
Қазақстандық атлеттер Риодағы Олимпиадаға жаңа формамен баратын болды, ал наурыз айында бекітілген форма пайдаланылмайды. Бұл туралы Vesti.kz
басылымына берген сұхбатында Қазақстанның спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит айтып мәлімдеді.

"Олимпиадаға арналған форма Олимпиада қарсаңында өзгерді деп есептеу қате. Бірінші таныстырылымы кезінде біз әлі де түзетулердің енгізілетінін айтқанбыз, фасоны да, түсті де өзгеруі мүмкін екенін ескерткенбіз. Бірден айтқым келетіні, өзгеріс тек түсінде болды. Фасоны да, дизайны да, материалы да өзгерген жоқ. Бірінші кезекте біз өзіміздің дәстүрлі түстерімізге басымдық бердік. Сондықтан киім туымызбен түстес. (...) Сонымен қатар, ашық түстер Қазақстанның басты санитар дәрігерінің өтініші бойынша бекітілді. Себебі бұл Зика вирусының жұғатынына байланысты. Сондықтан киімнің жеңі мен басым бөлігі ашық түсті. Сонымен қатар, атлеттің денесінің көп бөлігі киіммен жабылады", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 шілде 2016, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.