Атырау, 19 сәуір 09:58
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қасқыр аулау басталды

2 565 просмотра

Атырау облысында қасқырлар мен қорқауларды жою жөніндегі тендер биыл шілде айында өтті. Оны облыстық аңшылар қоғамы жеңіп алды.

Өлтірілген жыртқыштардың терілерін тапсыру кезінде аңшыларға берілетін сыйақылар мөлшері белгіленді: қасқыр – 22 мың теңге (бұған дейін 20 мың теңге болды), қорқау, бөлтірік – 11 мың теңге (10 мың теңге болды).

Аңшылар ақшаны бірден алмайды, терілерді аңшылар қоғамының мамандары растап, қалалық қоқыс орны пешінде өртелгеннен кейін жасалған актінің негізінде бағдарлама операторы – облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ақша аударады. Олар табыс салығы (10 пайыз) шегеріліп, аңшыларға қоғам кассасында төленетін болады.

Бүгінде аңшылардан 59 қасқыр, 12 бөлтірік және 24 қорқаудың терісі қабылданған. Бәрінен көп тері тапсырған - Құрманғазы ауданынан Зияниден Өтепов, ол ересек 38 қасқыр терісін тапсырды. Исатай ауданынан Дауылбай Қанатбаев 5 қасқыр мен 8 қорқау терісін тапсырды. Өткен жылдардың көшбасшысы атыраулық Алпысбай Құлпейісов әзірге 3 қасқыр, 4 бөлтірік пен 4 қорқаудың терісін алған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
28 шілде 2016, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.