Атырау, 25 сәуір 02:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Құрманғазы мен Исатай аудандарында карантин жарияланды

2 373 просмотра

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ хабарлады.

Құрманғазы мен Исатай аудандарындағы сиырлардан алынған сынама (барлығы 2 мыңнан астам ірі қара мал ауырып, 50-і өлген) анализ үшін Алматыдағы мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандарына жіберілді. 25 шілдеде олар "нодулярлы дерматит" деген диагноз қойды. Осыған байланысты 27 шілдеде облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Құрманғазы мен Исатай аудандарында, сондай-ақ, екі ауылдық округі Атырау-Дамбы мен Кеңөзекте карантин белгілеу туралы шешімге қол қойған болатын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2016, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.