Атырау, 24 сәуір 11:36
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

2 691 просмотра

Полицияға Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны шағымданды: оның Жұлдыз ықшамауданында тұратын 30 жастағы танысы пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, 2014 жылдың тамызында 700 мың теңге алып, қайтармаған. Күдікті ұсталып, одан жауап алынды және басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полицияға Белоруссия азаматы жүгінді: 23 шілдеге қараған түні Махамбет ауданының Талдыкөл ауылының маңындағы Атырау-Орал трассасында «Лада» көлігіне мінген белгісіз екеу оның «Вольво» көлігін басып озып, тоқтауға мәжбүр етіп, қорқытып ақша алуға тырысқан. Күдіктілер анықталды – бұлар Ақжар поселкесінің 23 және 33 жастағы тұрғындары.

***

Шілденің 23-іне қараған түні Исатай ауданының Исатай ауылының 22 және 23 жастағы екі тұрғыны ауыл арасындағы жолда үш дөңгелекті мотоциклден аударылған. Аудандық ауруханаға жеткізілді.

***

Шілденің 24-де Талғайраң ауылының маңындағы Жайыққа белгісіз ер адамның мүрдесі қалқып шыққан. Сүңгуірлердің айтуынша, жасын анықтау мүмкін емес – мүрде суда бір аптадан кем болмаған. Мүрде мәйітханаға жеткізілді.

***

Полицияға 36 жастағы Дамбы поселкесінің тұрғыны шағымданды: 25 шілдеге қараған түні жалға алған пәтерде 34 жастағы танысы оның ұялы телефонын ұрлап алған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Привокзальный тұрғыны полицияға шағымданды: 21 шілдеде ол сайттардың бірінен 42 жастағы Теміртау қаласының тұрғынымен танысып, оған өз көлігінің қосалқы бөлшектеріне тапсырыс беріп, 35 мың теңге аударып жіберген. Алайда қосалқы бөлшек уақытында келмеген, ал жеткізушінің телефоны өшірулі болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

Шілденің 24-інде таңертең ертемен ЖПҚ қызметкерлері А.Мырзағалиев пен С.Зұлхайыров Атырау ықшамауданындағы жеке үйден түтін шығып жатқанын байқаған. Олардың бірі терезені тарсылдатып соғып, үйде ұйықтап жатқан отбасын (жеті адам, соның ішінде үшеуі бала) оятады. Екіншісі өрт сөндірушілерді шақырады. Ал олар келгенше ауладан табылған суару шлангасының көмегімен өртті сөндіруге тырысты. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Г.Мұхтарова хабарлағандай, өртті келіп жеткен өрт сөндіру қызметінің жасақтары сөндірген. Ешкім зардап шеккен жоқ.

***

Шілденің 25-27-де «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Тек алғашқы тәуліктерде 800-дей жол жүру ережесін бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде, 17 жүргізуші мас күйде, 15-і куәліксіз, 138-і қауіпсіздік белдігін тақпай, 69-ы ұялы телефонмен сөйлесіп көлік жүргізген. 66 жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені үшін айыппұл салынған.

***

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында 26 шілдеде қайғылы оқиға орын алды. 6-ауылдағы үйлердің бірінің ауласында 17 жастағы жігіт бөшкені болгаркамен кесіп отырған кезде бөшкенің түбінде қалған жанармай қоспасы атылған. Жігіттің денесінің 10 пайызын 1-ші және 2-ші деңгейлі күйік шалған, ол облыстық ауруханаға жатқызылды.

***

Полицияға Алмагүл ықшамауданының 46 жастағы тұрғыны шағымданды. 14 шілдеде 35 жастағы танысы оған қой терісін жеткізуге уәде беріп, 50 мың теңгесін алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Полицияға Атыраудың 48 жастағы тұрғыны жүгінді: ағымдағы жылдың сәуірінде ол 29 жастағы ер адаммен танысқан. Ол інісін жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 70 мың теңгесін алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

28 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.