Атырау, 23 сәуір 17:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Мектептегі ыстық тағам мен жөндеу жұмыстарына миллиардтар бөлінді

1 896 просмотра

Алдағы оқу жылында төменгі сынып оқушыларының барлығына ыстық тағам қарастырылған.

Құрманғазы ауданының Сүйіндік селосына ат басын бұрған кезде ауыл әкімшілігінің бюджетке тек аз қамтылған төменгі сынып оқушылары үшін ғана ыстық тағамға қаржы салғанын анықтаған облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ бұл туралы өз бағыныштыларының есіне салды.

Оқу жылы басталғанша бір айдай уақыт қалды. Егер бір ауылда болсын, балалардың ыстық тағаммен қамтылмағанын білсем, өздеріңнен көріңдер, - деп мәлімдеді Ноғаев.

Облыстық әкімдіктің тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылында ыстық тағаммен 1-4 сыныптың бүкіл оқушысы қамтамасыз етілетін болады. Бұлар - 48 145 оқушы. Бюджеттен осы мақсатқа 1 млрд теңгедей қаржы бөлінді. Бұдан басқа, облыстағы бүкіл 192 мектепті ағымдық жөндеуге 89,4 млн теңге бөлінді. Ал 35 білім беру мекемесінде (соның ішінде, балабақшаларда) жалпы сомасы 1,953 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
27 шілде 2016, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.