Атырау, 20 сәуір 16:33
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өзгелерге кедергі келтіргені үшін жазаланды

1 774 просмотра

Атырау қалалық әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 490-бабының 2-тармағына («Заңды діни қызметке кедергі келтіру») ілігетін құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сүйенсек, биылғы жылдың маусымында Т.А. Сәтпаев даңғылы бойындағы орталық мешітте құлшылық жасау кезінде айқайлап, жекірген. Имамға және мешіттегі басқа келушілерге дұға оқуға кедергі келтіріп, намаздарын бұзған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен мешіттің ішкі ережесіне сәйкес, мешітке келушілер дұға оқу кезінде ішкі тәртіп ережесін мүлтіксіз сақтауға міндетті. Келушілерге мешітте даулы жағдайлар туындатуға, намаз оқу кезінде кедергі келтіруге тыйым салынған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Т.А. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған айыппұл түрінде 50 АЕК көлемінде (106 050 теңге) әкімшілік жаза белгіленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 шілде 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.