Атырау, 25 сәуір 06:29
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"«Қазақстанның жағдайы Армениядан да нашар» — Досым Сәтпаев", "Терактілердің артында Ресей тұр ма?", "Жеті отырыстан нәтиже бар ма?", "Сәләфит, сопы, гүленші… Жай ғана мұсылман болуға болмай ма?", "Түркиядағы бүлікті Гүлен ұйымдастырған ба?"

2 022 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Сәләфит, сопы, гүленші… Жай ғана мұсылман болуға болмай ма?" - Журналист Есболат Айдабосын көтерген мәселе қазіргі күні аса өзекті. Ұлт, тіл, жер тақырыбымен қоса соңғы жылдары бұлардың қатарында дін мәселесі қосылғанын көріп те, біліп те отырмыз. Оқыған адам Есболаттың айтқанынан біраз дүние түюге тиіс. Сонымен…

"«Қазақстанның жағдайы Армениядан да нашар» — Досым Сәтпаев" - Қазақстанда Армениядағыдай өз наразылығын білдіретін құқықтық алаң жоқтың қасы. Тіпті, бізде оппозицияға да орын жоқ. Сондықтан саяси тұралауға ұшыраған Қазақстанның жағдайы Армениядан да нашар. Біздің медиа порталға берген сұхбатында саясаттанушы Досым Сәтпаев екі елдің саяси жағдайын осылайша салыстырды.

AZATTYQ.ORG. "Жеті отырыстан нәтиже бар ма?" - Жер кодексі баптарына қарсы елдің әр жерінде өткен митингілерден соң үкімет жанынан құрылған комиссияның жеті отырысы өтті. Билік пен қоғам бұл комиссиядан не күтіп отыр? Комиссия екі жарым айда не тындырды?

"Бұрынғы ерлі-зайыптылар үш балаға таласып жүр" - Сот бұрынғы жұбайлардың – «әйелін жазатайым өртеген» ер мен оның зайыбының балаларына талас жайын қарауға кірісті. Үш баланың кімге берілетінін шешетін соттың жарыссөзі бүгін кешке өтпек.

ZHASALASH.KZ. "Жолбарыс жолақты премьер жаңа Маргарет Тэтчер ме?" - Ұлыбританияның билеу­шi топтары ел тарихындағы ең қиын кезеңдердiң бiрiн­де билiк тiзгiнiн әйелге ұстатты. Жаңа премьер-министр Тереза Мэйдi көпшiлiк алғашқы күнi ақ тұңғыш әйел-премьер атақты Маргарет Тэтчерге теңей бастады.

"Күнiне 5 доллар тапсаңыз – кедейсiз" - Iшкi iстер саласында аудармашы болып жұмыс iстейтiн Айдар Қалиевтiң жалақысы – 45 000 теңге. Ол әзiрше бойдақ. Ағасымен бiрге тұрады, басында жеке баспанасы жоқ. Сол Айдар туысымның кедей екенiне бүгiн көзiм жеттi. Әрине, 45 000 теңгеге өмiр сүру өте қиын. Сондықтан оның киiм-кешегi әпкесiнiң мойнында.

ABAI.KZ. "Түркиядағы бүлікті Гүлен ұйымдастырған ба?" - Түркиялық «Заман» газеті елдегі Ердоған билігіне қарсы әскери төңкеріске қатысты тың деректерді жариялады. Ұлыбританияның ішкі Барлау ұйымының мәліметіне сүйенген басылым Ердоған мен оның билігіне қарсы төңкерісті «жасанды» деп бағалады.

"Терактілердің артында Ресей тұр ма?" - Теракт. Бұрындары БАҚ-тан бұл сөзді сирек естуші едік. Ендігі құлағымызға үйреншікті сөзге айналып кеткені өтірік емес. Күн сайын әлемнің әр қаласында жарылыс, атыс-шабыс, қолдан ұйымдастырылған апаттар орын алуда.

QAMSHY.KZ. "Дін істері комитеті: елдегі радикалдар қатаң жазаланады, шетелге «жиһадқа» кеткендер азаматтықтан айырылады" - Биылғы жылы 10 маусымда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірқатар заңнамалық және ұйымдастырушылық-институционалдық шараларды әзірледі. Негізгі жұмыс ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанынан құрылған жұмыс тобының аясында жүргізілген. Қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу – басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев айтып отыр.

DALANEWS.KZ. "KATEV: Фетхулла Гүленге қатысымыз жоқ" - Қазақстандағы бірнеше орта және жоғары оқу орнына демеушілік әрі басшылық етіп отырған KATEV халықаралық қоғамдық қоры Түркия билігі айыптайтын діни жетекші Фетхулла Гүленге қатысы жоғын мәлімдеді.


27 шілде 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.