Атырау, 25 сәуір 19:56
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Орал» қалай өзгереді?

3 665 просмотра

Жергілікті маңызға ие тарихи ескерткіштер қатарындағы «Орал» мейрамханасының ғимаратына жалғама құрылысын салу жұртшылықтың араласуының арқасында тоқтатылды.

«Тудаковтар үйі» ретінде қала тұрғындарына танымал «Орал» мейрамханасы сақталып қалған аз ғана сәулет ескерткіштерінің бірі. «Ескі қала» маңындағы басқа тарихи ғимараттардың көпшілігі жер бетінен баяғыда жойылған немесе жартылай құлаған күйде тұр. Сондықтан, құрылыс жұмыстары басталған кезде бей-жай қарамайтын қала тұрғындарының осы мәселені әлеуметтік желілерде көтергеніне таң қалуға болмайды. Содан соң бұл іске облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану инспекциясы араласты.

- Бұл ғимарат 1981 жылы ескерткіш деп танылған еді. Соңғы рет 2010 жылы мүлік түгендеу кезінде оны жергілікті маңызға ие тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізді. Бұл ғимаратты жөндеуді немесе қалпына келтіруді ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензиясы бар мекемелер ғана жүргізуге тиіс деген сөз. Бұдан басқа, олар жұмыстың басталғаны туралы облыстық мәдениет басқармасына хабардар етуге тиіс еді, - дейді инспекция басшысы Мұхамбетқали КИПИЕВ. Оның айтуынша, инспекция құрылысты тоқтату туралы ғимарат қожайындарына ұйғарым жолдаған.

- Ескерткіш ғимараттардың иелері мұндай шешімді инспекциямен мақұлдауға тиіс емес пе? Немесе қала әкімдігі кеңейтуге рұқсат бере отырып, сіздің мекемеңізге хабардар етуге тиіс емес пе?

- Біз бақылау-қадағалау қызметін атқармаймыз, біз тек ұйғарым береміз. Егер ұйғарым орындалмаса, біз немесе облыстық мәдениет басқармасы бұл туралы прокуратураға хабардар етеміз.

Ғимарат иесінің айтуынша, ол күйеуімен екеуі мейрамхананы 12 жыл жалға алып, өткен жылы сатып алған екен. Осы уақыт ішінде, ғимараттың мәртебесіне қарамастан, мемлекет оған ешқандай қызығушылық танытпаған. Оның үстіне, қандай да болмасын қолдау көрсетуге асықпаған. Сондықтан бұрынғы және қазіргі қожайындар оны тәуір күйде сақтай отырып, жөндеу жұмыстары кезінде өздерінің қандай органдарға хабардар етуге тиіс екендерін ойланбаған.

- Қалалық әкімдікте маған жер телімін кеңейтуге рұқсат беріп, ғимарат қабырғасына тимеу керектігімді ескертті. Бұл менің жоспарымда жоқ еді. Біз жазғы кафе салып, ғимараттың жалпы сыртқы түрін жақсартқымыз келді, - дейді кәсіпкер. – Инспекция ұйғарымын алғаннан кейін біз құрылысты тоқтаттық. Күйеуім қалпына келтіруге лицензиясы бар фирмаларды іздеумен айналысты. Егер жалғама негізгі ғимаратпен бір стильде салынса, бұл тек оны безендіре түсер еді деп ойлаймын. Сонда ескі мейрамханаға жөндеу жүргізугге болады және жаңа сәулет ансамблі туындайды.

- Қаланың ескі бөлігі Атырау қонақтарының едәуір қызығушылығын тудырады. Менің өзім де шолу экскурсиясын өткізу кезінде адамдарға Тудаковтардың бұрынғы үйінен бастап қаланы құлшына таныстыра бастаймын, - дейді облыстық өлкетану мұражайыныі экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА. - Ол ғимарат жақсы сақталып қалған. Ғимарат бұрын түрлі мақсатта қолданылған бірнеше сектордан тұрады. Бірінші қабат жағалауға шығатын кірпіш қақпалары бар көрші залдармен байланыстырылған. Ол жерде, шамасы басқарушының үйі болса керек. Бүгінді бұл қақпалар жоқ. Төменде биік қос қабатты цоколь орналасқан. Есік ойықтары ризалитпен салынған, бұл тамбурлар жасап, шығатын есіктерді бөлуге мүмкіндік берді. Ризалиттер кірпіш жақтаулармен аяқталған. Ғимарат бұрыштары жақтау бағандары бар рустталған қалақтармен безендірілген, олардың арасында жұқа селдір металл тор бар. Тас маңдайшалы, аркалы күмбезді осынау тамаша ғимараттың бүкіл келбетінен ескі заманның иісі аңқып тұр. Бір ерекшелігі – ғимараттың өте қызықты тарихы бар. Көпес Тудаковтың ұрпақтары әлі күнге дейін өздерінің тарихи шағын атамекендерімен байланыс жасап тұрады. Бұл туралы мен экскурсия кезінде үнемі айтып жүремін. Біз сонымен қатар Атырау қонақтарын тағы бір сәулет ескерткіші – «Ренко» қонақ үйінің жанындағы мейрамхана ғимаратымен таныстырамыз. Бұл жерде 19-ғасырда сауда-тұрғын мекені болған. Содан соң Фетисов көшесінің бойымен Успен соборына қарай бағыт аламыз. Сол ауданда 20-ғасырдың бірінші жартысында саман тастардан салынған үйлер аз емес. Ал содан кейін Исатай мен Махамбет алаңына шығамыз. 19-ғасырдан 21-ғасырға біріндеп өту меймандарымызға қатты әсер етеді. Жақында бізге мәскеуліктер келді, олар қатты тәнті болды. Ескі ғимараттар әр қалада жоқ. Бірақ, өкінішке орай, сүйікті қаламызда да сақталып қалғандар өте аз. Тек екі ғимарат – «Орал» мейрамханасы мен «Ренко» жанындағы ғимарат. Қазір аңшылар мен балық аулаушыларға арналған дүкен орналасқан тағы бір ескі ғимараттың төменгі бөлігін заманауи материалмен қаптап қойған. Бұл менің пікірімше, оның келбетін қатты бұзып тұр. Әрине, ол да басқа қала тұрғындары секілді «Орал» мейрамханасы ғимаратының да осындай халге ұшырағанын қаламайды.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 шілде 2016, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.