Атырау, 20 сәуір 15:53
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тулалық дәрігерлер тамыздың аяғында келеді

1 986 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алындыКөп жыл қатарынан Атырау балалар қайырымдылық орденінің шақыртуымен біздің қаламызға Тула қаласынан «Клиникалық реабилитология институты» ЖАҚ мамандары келіп тұрады. Олар церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға ота жасайды. Биыл медиктер сапары 23-24 тамызға белгіленген.

Ресейлік мамандар Атырау облыстық балалар ауруханасының базасында 2007 жылдан бастап оталар жасап келеді. Негізгі емдеу әдісі ретінде олар бірегей хирургиялық әдістемені – медицина ғылымдарының докторы Валерий УЛЬЗИБАТ ойлап тапқан кезеңдік фибротомияны пайдаланады. Ол арнайы жасалған скальпельмен бұлшық ет контрактураларын (тыртықтарын) алып тастауға негізделген.

Өткен жылдары Қайырымдылық ордені мамандардың келу сапарын және балалардың белгілі бір мөлшердегі операцияларын төлеуге әзір демеушілер тапқан еді. Биыл, өкінішке орай, ұйымға ешкім қолдау көрсете алмады. Осыған байланысты операциялар ақылы негізде жүргізіледі. Екі күн, 23 және 24 тамызда ресейлік мамандар балаларымызды облыстық балалар ауруханасының ғимаратында қабылдайтын болады.

Олардың келу сапары облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісілген. Балаларда талдама нәтижелері мен медициналық кәртішкесі болуы тиіс, – дейді Атырау балалар қайырымдылық орденінің жетекшісі Надежда КИРПИЧНИКОВА. – Операциялық емге мұқтаж балалардың ата-аналары маған 45-53-23 және 8 778 112 19 59 телефондары бойынша хабарласа алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 шілде 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.