Атырау, 29 наурыз 18:59
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Полицейлерге айрықша мәртебе беру керек пе?", "Гүлен қозғалысының биліктің кәріне ұшырауы", "Жерің бүтін болмаса, тәуелсіздіктен айрыласың, қазақ!", "Қисық айна немесе рейтинг қуғандардың көздегенi не?", "Премьерге қошемет жетпей жүр ме?"

1 920 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Гүлен қозғалысының биліктің кәріне ұшырауы" - Түркия билігі 15 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп АҚШ-та тұратын діндар Фетхулла Гүленді айыптайды. Ел арасында да осындай пікір орныққан. Оның сырына Гүлен қозғалысының тарихынан қанығуға болады.

"Аймақ ауқымындағы кірісті жариялау науқаны" - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің шенеуніктері өз ресми жалақысы жайлы мәліметтерді жаппай жариялай бастады. Олардың жылдық кіріс мөлшері 8 миллион теңгеге дейін жетеді.

KAZ.365INFO.KZ. "Полицейлерге айрықша мәртебе беру керек пе?" - Алматыдағы атыс түрлі талқылауға себеп болды. «Төрт полицейді өлтірген қылмыскерді ертерек ауыздықтауға болмады ма?», «Бір адам бүтін департаментті төңкеріп кетті, Күлікбаев сияқтылардың он-шақтысы шабуылдаса не болар еді?» дейді көңілі алаң көпшілік. Мұндай сауалдың қойылуы заңды. Біз сөзге тартқан сарапшылар өз кезегінде «полицияны кінәлаудың қажеті жоқ. Анығында оларға айрықша мәртебе беру керек» дейді. Неге?

"Базардағы бағалар тағы да өсіп жатыр. Үкімет неге шарасыз?" - Баға көтерілсе, бізде министрі бар, әкімі бар, төбесін көрсетіп, базар мен дүкенді бір аралап шығады. Ондағысы „бағаны көтермеңдер„ деп доқ көрсеткен түрі. Бірақ ол «бастықтардың» сөзін тыңдап жатқан саудагер жоқ. Базардағылар министріңе де, әкіміңе де пысқырмайды.

ZHASALASH.KZ. "Сақтауға һәм қорғауға тиiспiз!" - Патшалық Ресей отаршылдары қазақтардың ұлттық рухын жою үшiн не iстемедi десеңiзшi?! Қолдан келгеннiң бәрiн iстеп бақты. Тiптi қазақтарды құл есебiнде базарға шығарып сатты да ғой. В.Черниковтың дерегiне сүйенсек, 40 жастағы қазақ әйелi – 12 сомға, 30 жастағы қазақ жiгiтi 16 сомға сатылған (сол кездегi Ресей ақшасының құны бойынша, мықты, белдi аттың бағасы 1 сом болған). Қазақтың құнарлы, шұрайлы жерлерiн басып алды. Орыс келiмсектерi жергiлiктi халықтың дәстүрлi шаруашылығын үлкен күйзе­лiске ұшыратты, малдарын тартып алды, өздерiн тонады, атты, асты...

"Қисық айна немесе рейтинг қуғандардың көздегенi не?" - Өткен аптада “Стратегия" дейтiн әлеуметтiк-саяси зерттеулер орталығы 2016 жылдың екiншi тоқсанын қорытындылады. Сарапшылар арасында жүргiзiлдi делiнген сауалнама “Басқарушы элитаның рейтингi" деп аталыпты. Адамды басшылығына бола құрметтейтiн елмiз ғой, әлеуметтанушылар түгiлi журналистер, блогер атаулыға дейiн өз рейтингiн жариялап жатқанда мұның несi жаңалық деуiңiз мүмкiн. Биылғыдай жауынды жаздың саңырауқұлағы сияқты қаптаған рейтингтердiң мән-мағынасын түсiне бермейтiн пақырыңыз бұл пiкiрiңiзбен толық келiседi.

ABAI.KZ. "Жерің бүтін болмаса, тәуелсіздіктен айрыласың, қазақ!" - Қазақ – қазақ болғалы меніңше үздіксіз талқыланып келе жатқан ең басты екі үлкен мәселе бар. Оның біріншісі – Ел бірлігі болса, екіншісі одан бөліп қарауға болмайтын – Жер бүтіндігі мәселесі. Тіпті алдымен – Жер бүтіндігі, содан соң – Ел бірлігі десек те қателеспейтініміз анық. Өйткені бұл екеуі – адамның жаны мен тәні сияқты.

"Премьерге қошемет жетпей жүр ме?" - Дүниежүзінің көптеген саясаткерлерінің арасында әлеуметтік желілерде парақша ашып, онда белсенді жұмыс жүргізу сәнге әм әдетке айналып кеткені жасырын емес. Бұлардың қатарында біздің премьер де бар. «Инстаграмм» парақшасында жұмыс жүргізудің хас шебері – ҚР Үкімет басшысы Кәрім Қажымқанұлы.

QAMSHY.KZ. "21 млн. 120 мың гектар жерді кімдер иеленіп отыр?" - Қазақ – қазақ болғалы меніңше үздіксіз талқыланып келе жатқан ең басты екі үлкен мәселе бар. Оның біріншісі – Ел бірлігі болса, екіншісі одан бөліп қарауға болмайтын – Жер бүтіндігі мәселесі. Тіпті алдымен – Жер бүтіндігі, содан соң – Ел бірлігі десек те қателеспейтініміз анық. Өйткені бұл екеуі – адамның жаны мен тәні сияқты.

DALANEWS.KZ. "Жұмыс істегеннің соңынан сөз ереді" - Қазір ерінбеген адамның бәрі Діни басқарманы ащы тілімен бір түйреп өтетін болды. Еліміздегі жастар жат ағымның қатарына өтіп, лаңкестік әрекеттер орын алса, «Діни басқарма қайда қарап отыр?» деп шеке басымыз тырысып, күйіп-пісетін күйге түстік. Бірден айтайық, діннің төңірегінде болып жатқан мәселелерге тек қана Діни басқарма жауапты емес. Дінге қатысты мәселеге Дін істері комитеті, ҰҚК, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет министрлігінің де қатысы бар екенін естен шығармаған абзал.

STAN.KZ. "Тоқтар Серіков: Мен ашынып айтып қойдым, өнерден ешқашан кетпейміз" - Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Тоқтар Серіков әріптестеріне бола өнерден кетуге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Әнші сол сәтте қатты ашынғанын және өнерден ешуақытта кетпейтінін айтты.

ULT.KZ. "Түркияны Гүлен түртті… Төңкерістің жай-жапсары қандай?" - 15 шілдеде Түркияда болған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысты ТР Президенттік әкімшілігі арнайы мәлімдеме жасады.



26 шілде 2016, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.