Атырау, 20 сәуір 16:14
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Флоридада ер адам түнгі клубтағыларға оқ атқан

2 593 просмотра

Фото: Global Look PressФлоридадағы Форт Майерс қаласының маңында орналасқан клубта болған атыстың салдарынан кем дегенде 17 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Сbsnews.com-ге сілтеме жасап.

Атыс Club Blu клубының маңындағы көлік тұрағында басталған. Айта кетейік, күдікті жасырынып үлгерді, тағы біреуі ұсталды. Полициядағылардың айтуынша, белгсіз біреу ғимараттың ішіне кіріп, келушілерге оқ ата бастаған. Ол уақытта клубтың ішінде жасөспірімдер болған екен.

Wink News телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында екі адам қаза тапты. Сондай-ақ, клубтың маңындағы үйлерде тұратын әйел 30-ға жуық атыстың дауысын естігенін айтты.

Еске салайық, Орландодағы Pulse гей-клубында белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан 50 адам қаза тапты және 53 адам жарақат алды. Гей-клубтағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 шілде 2016, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.