Атырау, 25 сәуір 16:47
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Жеңістің ащы дәмі

Сурет
1 886 просмотра


24 шілдеде «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Жетісу» (Талдықорған) командалары арасында футболдан ел чемпионатының 22-турының матчы өтті.

Мұнайшылар үшін чемпионаттың бірінші кезеңінің бұл соңғы матчы аса маңызды еді: бәске тігілгені - алғашқы алтылықтағы орын. Яғни, біздің команда чемпионаттың екінші кезеңінде медаль үшін күресе ме, әлде ең көп дегенде 7-ші орын үшін екінші алтылықта тырысып баға ма - міне, осы мәселе шешілмек. Қалай болғанда да жеңіске жету және қостанайлық «Тобыл» мен «Ақтөбенің» сәтсіздігіне үміт арту ғана керек болды.

Бірінші таймда алаң иелері сылбыр болды, алайда қонақтар да олардан аса қоймады. Футболшылар үзіліске 0:0 есебімен жанкүйерлердің жақтырмаған гуілімен кетті. Екінші таймда «ақ-жасылдағылар» барынша өткір ойнай бастады, оңтайлы сәттер де туып қалып жатты, алайда, қонақтарды қақпашы Андрей ШАБАНОВ құтқарды. Дегенмен, ойынның 79-шы минутында «Атыраудың» шабуылдарының бірі нәтижелі болды: Вячеслав ШАРПАР қақпашымен бетпе-бет келді, қақпашы болса тойтарыс беріп үлгергенімен, Пшемыслав ТРЫТКО соққан доп қақпаға дәл келіп жетті.

Есеп матч аяғына дейін 1:0 болып сақталды. Алайда алаң иелері жеңістерін тойлаған жоқ, олар өздеріне арман болған кестедегі 6-шы орынға «Ақтөбенің» орныққанын білген болатын.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

25 шілде 2016, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.