Атырау, 17 сәуір 04:27
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Төрт айлық курс мұғалімдердің жоспарлы демалысына кері әсет етпейді

3 545 просмотра

Фото: vlast.kzБиылғы жылы физика, химия, биология және информатика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің ағылшын тілінен төрт айлық курстары олардың жоспарлы демалыстарына кері әсерін тигізбейді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтып отыр.

Алдағы үш жылда 5200 мұғалім ағылшын тілі бойынша курстардан өтетін болады. Қазіргі таңда ЖОО-да ұстаздарды 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұнына байланысты дайындау жұмыстары басталған. Бұған дейін 42 жоғары оқу орнында 18 мыңнан астам студент үштілділік бағдарламасы бойынша оқытылып үлгерді.

«Алыстағы ауылдарды білікті маманмен қамтамасыз ете алмасақ, онда бұл мектепті 2019 жылға емес, бір жыл кейін дайындайтын боламыз. Барлық қадамдар дайындық жағдайына байланысты жүзеге асады»,- дейді Э.Суханбердиева.

Орта мектептерде 2019 жылға жоспарланған үштілді білім беруге ауысу оқу орындарының дайындығына байланысты іске асатын болады. Осы жағынан келгенде елу оқушыға толмайтын алыс ауылдардағы шағын мектептердің жағдайы ескеріледі.

Дереккөз: Baq.kz

25 шілде 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.