Атырау, 24 сәуір 15:40
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Германияда сөмке асынған сириялық өзін-өзі жарып жіберді: Зардап шеккендер бар

2 778 просмотра

Фото: Twitter.com24 шілдеде, жексенбіде түнгі уақытта Баварияда (Германияның оңтүстігі және оңтүстік-шығыс жағындағы жер) тағы бір оқыс оқиға болды. Ансбах қаласының орталығында орналасқан Eugens Weinstube мейрамханасының кіреберісінде алапат жарылыс болып, бір адам қаза тапты, 12 адам жарақат алған. Зардап шеккен үшеуі ауыр халде,- деп хабарлады Tengrinews.kz сайты Deutsche Welle-ке сілтеме жасап.

Жарылыс 2,5 мың адам жиналған музыкалық фестиваль өтіп жатқан маңайда болған. Жарылыстан кейін фестиваль тоқтатылып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиға болған жерге жақын орналасқан қонақүйлер мен үйлердің тұрғындары эвокуацияланды.

Газ құбыры жарылды делінген алдын ала ақпарат расталмады. Қала мэрі Карда Зайдельдің айтуынша, жарылысты қасақана ұйымдастырған және жарылғыш зат қолданылған. Ал Бавария ІІМ өкілінің айтуынша, жарылыс кездейсоқ болмаған және қасақана жасалған. Теракт нұсқасы жоққа шығарылмайды.

Полициядағылар қайтыс болған адамды жарылғыш затты іске қосушының өзі екендігін топшылап отыр. Жарылысты ұйымдастырды деп күдікке ілінген адамның асынған сөмкесі болған. Бавария ІІМ өкілдерінің мәліметі бойынша, жарылыс кезінде 27 жастағы сириялық ер адам қаза тапқан, оған бір жыл бұрын неміс үкіметі босқын статусын беруден бас тартқан. Қайтыс болған адам полициядағыларға бұрыннан белгілі болған, ол өзін-өзі екі рет өлтірмек болған.

"Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр, әзірше жарылысты қаза тапқан адамның өзі ұйымдастырды деген ойдамыз. Нақты не болғанын әзірше білмейміз", - деді Асбах полициясындағылар. Оқиға орны қоршауға алынған, қаланың төбесінде тікұшақ ұшып жүр.


Дереккөз: Tengrinews.kz




25 шілде 2016, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.