Атырау, 24 сәуір 23:10
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау неліктен түтін құшағында? Қоқыс өртенді

4 871 просмотра

Image 022 шілдеде қалалық қоқыс полигоны өртенді. Атырауды түтін басты.

«Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратқали МАХАНОВ хабарлағандай, қоқыс сағат 18-де тұтанған. Бұған шіріген қоқыста тұтанған жалынды үрлеген күшті жел себеп болған.

- Полигонда ұсақ тұтанулар күніне бірнеше рет орын алады және оларды қызметкерлер жедел сөндіріп тастайды. Бұл жолы жел кедергі келтіріп, өрт үлкен аумаққа тараған, - дейді М.Маханов.

Оның айтуынша, өрт сол күні кешкі сағат 22-лерде «Арнаулы автобаза» КМК күшімен ауыздықталып, өшірілген. Келесі күні қоқыс орнының персоналдары түтіндеген өрт тұтану ошағымен күресті жалғастырды. Маханов бүгінгі күннің аяғына дейін сөндіріліп болады деп сендірді. Оның бағалауынша, осындай күшті өрт соңғы рет полигонда 2015 жылдың 25 қаңтарында орын алған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 шілде 2016, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.