Атырау, 29 наурыз 11:38
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"1916 жылғы көтеріліс – ұлттық бірегейліктің көрінісі", "Адам саудасы құрбанын анықтау оңай емес екенін айтады", "Мырзахметовтiң iстегенiн iстеме...", "Алматыдағы шетін оқиға теракт пе, әлде бұзақылық па?"

2 102 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Украинаға «қара түнек» күндер қайта келді ме?" - Киевте белгілі журналист Павел Шереметтің автокөлікке қойылған бомба жарылысынан қаза табуы жұртшылыққа төбеден жай түскендей әсер етті. Жаңарған Украина үшін бұл қылмысты ашу сынақ болғалы тұр.

"Адам саудасы құрбанын анықтау оңай емес екенін айтады" - Құқық қорғаушылар дерегінше, мұндай қылмысты тыюға жемқорлық пен мардымсыз айғақ та кедергі келтіре береді.

KAZ.365INFO.KZ. "Ерлан Саиров: «Діни ұстанымы қазаққа жақын имамдар Діни басқармадан қуылып жатыр»" - Бұдан бұрын сайтымызда «Бас мүфтиді патриарх Кириллмен салыстыру кімге керек болды?»деген тақырыпта мақала жарияланған. Мақала оқырман қауымды бей-жай қалдырмаса керек. Саясаттанушы Ерлан Саиров осы мақалада көтерілген мәселеге байланысты өз пікірін жолдапты. Автордың пікірін өзгертпей, қаз-қалпында беріп отырмыз.

ZHASALASH.KZ. "Мырзахметовтiң iстегенiн iстеме..." - Оңтүстiк Қазақстан облыстық құрылыс басқармасын уақтысында кiм басқармады дейсiз. Оңтүстiктiң бас құрылысшысы болу механиктiң де, инженердiң де, кеденшiнiң де пеше­несiне бұйырды. Егер жаңылыспасақ, құрылысшы мамандығы бар, осы салада тәжiрибесi жеткiлiктi соңғы басшы Альмира Орманшина болуы керек. Өкiнiшке қарай, ол пара алды деген күдiкпен сотталып кеттi. Одан кейiнгi механик Тұманбек Әлиев бұл саланы шырқ үйiрiп кете алмады. Одан кейiн кеденшi Еркебұлан Дауылбаев та сыннан көз ашқан жоқ. Солардың iзiн басып басқарманың басшылығына келген инженер-механик Күмiсбек Орашев А.Мырзахметов кеткен соң жылы орнын босатып, ешкiмге керегi жоқ адамдай iзiн суытқан едi. Орашев қазiр тергеушiлерге өте қажет болып тұр.

"«Қазақстан» шоколадынан басқасын бiлмейдi" - Соңғы кездерi елiмiзде “отан­дық өнiмдi сатып алайық", “жер­гiлiктi үлестi көбейтейiк" сынды үгiт-насихат жүргiзiлiп жатқанынан хабардармыз. Әрине, отандық кәсiпкерлердi қолдағанымыз дұрыс. Кезiнде отандық көлiктi сатып алуға үгiттеген шенеу­нiктер де болды. Бiрақ олардың көбi сөзден нақты iске көше алмай отырғаны анық.

TURKYSTAN.KZ. "1916 жылғы көтеріліс – ұлттық бірегейліктің көрінісі" - «Түркістан» газетінің осы жылғы 7 шілде күнгі №27 санында профессор Талас Омарбектің «Тарих ешкімнің ықпалына түспеуі керек» деген тақырыпта журналист Жәнібек Ғалымға берген сұхбаты жарық көрді. Иншалла, Талас Омарбек отандық тарихнамада өз орны бар, жариялаған зерттеу еңбектері арқылы қоғамда кең танылған, азаматтық ұстанымы айқын ғалым. Аталған сұхбатын оқи отырып, еліміздегі тарихшы ғалымдардың өз ойларын еркін де батыл айта бастағандығына көзіңіз жете түседі.

"«Каспий бестігі» — Каспийдің құқықтық мәртебесін қарастырды" - Жиырма жылға созылған бұл мәселе әлі де ақтық шешімін таппады. Каспий жағалауындағы бес ел теңізді бөлісе алмай әлек. Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан сыртқы істер министрлері Астана төрінде бас қосып, Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны қарастырды.

ABAI.KZ. "Алматыдағы шетін оқиға теракт пе, әлде бұзақылық па?" - Апта басында Алматының қақ ортасында атыс болып, айдың күні аманында алты полиция қызметкері қаза тапты. Шетін оқиға күллі Қазақстан жұртын бей-жай қалдырмады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы атысты «теракті» деп жариялады.

"Шаш пен тырнақ қалыпқа келмей, ұлы қазақ елі бола алмаймыз" - Әжемнің шашы ұзын болатын. Шашын мұрнының қырымен тарақпен туралап алып, маңдайынан түп-түзу етіп екіге қақ жарып, өріп қоятын. Өргенде де ұшына дейін өретін. Тарқатылып кетпесін дегені. Алдымен ірі жүзді тарағымен, содан соң мүйіз майда тарақпен тарайды. Онысы – арасында бит-сіркелері болса, шаң-тозаңы болса түссін дегені. Ақ орамалды алдына жайып қояды. Соны шұқылап, қарап отырады. Қарап болғасын орамалын пештің алдына апарып қағып, орамалын тағады да пештің алдын сыпырып, отқа лақтырады. Шашын күнде бұрқыратып тарап, өріп жатпайды ғой. Жуған соң бір тексеріп алғаны. Тастай қылып бір рет өріп алып, шашының артына доғал мүйіз тарағын қадап, басына ақ шыт орамалын байлай салатын, болды. Орамалын шалының алдында ешқашан шешкен емес. Кейде басын жуып болып, тарап жатқанда, ар жағынан шалы көрінсе, «ойбай әні шал келе жатыр, орамалымды әпер» деп шашын тарамастан жия салып, орамалын байлап қояды.

QAMSHY.KZ. "Қазақстан туризмі: Бурабайда тамақтану ақысына дәретхана бағасы да қосылады" - Қазақстанда туризміне кімді кінәлаймыз? Қазақстандық демалыс орындарынының мейрамханаларында тіпті дәретхана ақысы да есепшотқа жазылады.

BAQ.KZ. "Үш кітаптың жүгін көтерген «Менің екінші кітабым»" - Аптасына демей-ақ қояйын, айына бір кітап оқып тұру әдетім. Оқушы кезімде қолыма түскенді оқитын едім. Себебі қазақ тілді көркем әдебиет табу біз үшін арман болатын. Дегенмен әпкемнің Қазақстанда білім алуы менің бұл арманымды орындады. 93-97 жылдар аралығындағы рухани да, қоғамдық та тоқырауға тап келген менің оқушылық кезім, уызға жарымаған төл секілді қазақ әдебиетінің уызына жарымай өсуіме тура келді. Сол шөлдің сарқыншағы санамнан әлі шыға қоймаған ба, жаңа шыққан кітапты шамам келгенше тауып оқуға тырысамын.

DALANEWS.KZ. "Мекемтас Мырзахметов: «Қазақтың мінезі өзгеріп кетті»" - Қазір дүниетаным өзгерді. Бұрын бәріміздің шоқынатын жеріміз материализм еді. Барлық қоғамдық ойға да, өндіріске де, барлық саланың іргетасы ретінде осы затшылдықты алатынбыз. Оның негізін салған кванттық физиканың өкілдері. Сәуленің бөлінбейтін бөлігін квант деп атайды. Ал, заттың бөлінбейтін бөлшегін атом дейді. Сол атоммен квант теңдес. Осы арқылы дүниені билейтін материя емес, дүниені билейтін ұлы сана дегенге келді. Ол ғылыми тұрғыдан мойындалды.



22 шілде 2016, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.