Атырау, 26 сәуір 01:59
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Кітап сөресі жанындағы әңгіме

Бейнежазба
5 391 просмотра

Сіз кітапты соңғы рет қашан қолыңызға алып, қай автордың шығармасын оқыдыңыз? Бос кезде оқитын қызықты қандай кітапқа кеңес бересіз? Әрқайсыңызға осындай сұрақ қойылып көрген шығар. Көпшілігі ми қалтарысында қалған естелігінен оқушы кезінде тауысып бітіре алмаған Достоевскийдің шаң басқан романын тауып алуға тырысып, не айтарларын білмей қалатын болар.

Желкесін қасып, гаджеттердің соңғы шыққан түрлерін әңгіме еткен оңай секілді. Айта кету керек, гаджеттердің біздің өмірімізге мықтап енгені сондай, әдебиетті екінші орынға ығыстырып шығарды; жасыратыны жоқ, менің өзім жазық экранның, қолайлы қосымшалар мен түрлі сайттардың мобильді нұсқаларының тұтқынына айналдым. Соңғы жарты жылда оқығандарымның бәрі – бірнеше шақырымдарды құрайтын жаңалықтар лентасы мен басқа да ақпараттар. Ал бала күнімде маған кітапқұмарлық дәнін еккен әкемнің бүкіл оқыған кітаптарын мен де оқып шығатынмын. «Князь Серебряный», «Как закалялась сталь», Сабахаттин Алидің шығармалары және ағылшын ветеринары Джеймс Хэрриоттың мемуарлары және т.б. Ал қазір үлкендер жағы интернетті бұрынғы тарихи дәуірлерді елеусіз қалдырды деп реніш білдіреді. Шынымен де солай ма екен деп ойланып, анықтауды ұйғардым.

ТАРИХ, ТЫЛСЫМ, ФИЛОСОФИЯ, БАЛЬЗАК

Атырауда кітап дүкендері саусақпен санарлық. 300 мың халқы бар қала үшін бұл аздау. Желіден олардың бірінің телефон нөмірін тауып алып, сол жерде кездесуге келісіп, тартымды әңгіме кезінде сұрақтар қоймақ болып аттандым. Романдар, повесттер, мемуарлар және оқу құралдары әлеміне кірген кезде бояудың жағымсыз иісін сездім. Әуесқой библиофильді мұндай ұсақ-түйек нәрсе тоқтата қояр деймісіз (әңгіме мен туралы емес). Төңірекке көз тастадым – іші үйдегідей жып-жинақы, сөрелерге үңілген бірер келушіге кеңес берушілер көмектесуге тырысуда. Камера ұстаған адамды көрген кітапқұмарлар «өтінемін, түсірмеңізші» деген сөздермен, орындарын ауыстырды. Тек бір жас қыз қалды. «Сіз қандай кітапты жақсы көресіз?» деп сұрадым одан. «Тылсым және эзотерикалық шығармаларды», - деп жауап берді қыз көзілдірігін дұрыстап. Әрі қарай сұрақтар қоймадым, қыздың ұялып тұрғаны байқалады. Ол кассаға қарай асығыс басып, қалың томды сатып алды да, есіктің шығып, ғайып болды. Мұқабалары қызылды-жасылды кітаптарды қарап шығып, кеңес берушілерге қарай беттедім.

Атыраулықтар кітап сатып алуға дайын ба? Өйткені, бұл қазір қымбат дүниеге айналған және қазіргі оқырман кім? Кеңес берушілер сұраныстың бар екенін, кітап индустриясы осымен сақталып тұрғанын әңгімеледі. Соңғы жылдары контингент те, таңдау да өзгерген. Дария Донцова мен Лена Ленинаның детективтері секілді көркемдігі жоқ шығармаларды сүйіп оқитындар қалмады деуге болады. Бірақ бұл Қазақстанда. Ал көрші Ресейде мұндай беллетристикадан сөре сықасып тұр. Мұнайлы астанада кітап дүкендеріне келушілердің басым бөлігі (80 пайызы) – 14-тен 25 жасқа дейінгі жастар. Бұл аудитория шетелдік кинематографтар кассалық сериалдар мен кинокартиналар түсіретін бестселлерлерге өте үйір. Бірақ қазір шетел, орыс классикасы, кеңес авторлары да кең танымал. Кеңес берушілер мектептегі олқылықтың орнын толтыру үшін бе, әлде қазір осындай сән болған ба, қайсысы екенін айта алмады, алайда Толстойдың, Маяковскийдің, Шекспир мен Байронның шығармалары сатылып кететіндігін атап өтті. Әсіресе, Набоков, Бальзак, О. Генри, Пикуль шығармалары жақсы өтеді. Психология мен философия бойынша арнайы әдебиеттерді де шаң баспайды (бұл жерде әзілдегім келіп кетті: әлеуметтік желілердегі посттардың авторларына «кемеңгер» ойлар осылайша келеді екен ғой).

Біз әңгімелесіп тұрған кезде, дүкенге ондаған адам кіріп шықты. Орта жастағы әйел адам сөреден бірдеңені іздеп тұр. «Қандай кітапты сүйіп оқисыз?» деген сұраққа: «тарихи романдар мен философиялық трактаттар» деп жауап берді. «Мұндай таңдау немен байланысты, бұл сіздің дүние пайымыңыз ба?» - Жоқ, - деді әйел, содан соң ойланып, былай деді: «Кітапқа деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ал қайсысын оқығыңыз келетіні өмірдегі күйзеліске байланысты қалыптасады». «Шамасы, шындыққа осы келіңкірейтін шығар, дегенмен бәріне де қатысты», - деп құптап қойдым.

Әйел «Неге қатысты?» - деп сұрап, күліп жіберді. Кітап дүкенінің қабырғасына лайықты біздің пәлсапалық диалогымыз осылайшы аяқталды.

МАЙДАНҒА ҚАРТТАР АТТАНАДЫ

Дүкен қызметкерлерімен қоштасар кезде, аға буынға қатысты сұрақ қойдым. «Иә, егде жандар да келеді», - деп жауап берді кеңес берушілер. Балалары мен немерелері үшін оқу құралдарына алуға немесе уақыт қысқартатын оқуға «жеңіл» кітаптар сұрап келеді. Кейінірек, университет кітапханасында көп жылдар бойына жұмыс істеген ескі танысыма қоңырау шалдым. Ол көптен бері кітап нұсқасынан гөрі электронды нұсқасына артықшылық беретін өз анасын мысалға келтірді. Бұл нұсқа ол үшін ыңғайлы әрі сөмкесінде көп орын алмайды. Егде тартқан әйел шағын планшетке сенсорлық телефоны арқылы өзін қызықтырған басылымды тауып алып, жүктеп алуды үйреніп алған екен. Шындық осы - КСРО дәуірінде дүниеге келген адамдар қаласын-қаламасын 21-ші ғасырдың болмысымен біте қайнасып кеткен. Егер жастар үшін бұл үйреншікті нәрсе болса, олар үшін - өмір ағысынан қалмау мүмкіндігі. Бұл әңгімеден кейін өз ата-анам туралы ойға кеттім. Өйткені олар да кітаптан, тіпті газеттен баяғыда бас тартқан еді. Олардың орнын интернет-іздеуші мен заманауи байланыс қосымшалары алмастырған. Бірақ кітап дүкендері де бос тұрған жоқ.


Марат ТАКУЛИН

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

21 шілде 2016, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.