Атырау, 16 сәуір 15:07
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

«Суицидті» насихаттаған 22 қауымдастық жабылды

2 416 просмотра

Қалалық прокуратура «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі суицидтік көңіл-күйді насихаттайтын 22 қауымдастықты блоктап тастады.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы танымал әлеуметтік желілерге жасалған маусым айындағы мониторинг өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын парақшаларға Атырау облысынан 1 800-дей кәмелетке толмағандардың жазылғанын анықтады.

- Осы топтардағы жарияланымға жасалған талдау нәтижесі - бұл парақтарда өз өзіне қол жұмсауға дейін жеткізіп, өмір сүруге деген құштарлығын жоюға баса назар аударылатындығын көрсетті, - деді «ВК» тобының мәліметтерін блоктау туралы шешімге түсінік берген Атырау қаласының прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ. – Қатысушылар суицид тәсілдері туралы әңгімелейді, тамырын кескен, асылған және биіктіктен секірген жасөспірімдердің фотосуреттерін орналастырады. Біз мұндай сайттарға үнемі бақылау жасаймыз. Осылайша Ақпарат және коммуникация министрлігі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында оларды ашу мүмкіндігін жою туралы шешім қабылданды.

Прокурордың айтуынша, осындай мазмұндағы сайттар мен топтар көбінесе Ресейде тіркелген, сонымен қатар қазақстандық тіркелімдегі осындай топтар да бар екен.

2016 жылы өңірімізде екі жасөспірім өз-өздеріне қол жұмсады. Себептері тергелуде. Мамыр айында 2002 жылы туылған бала өз өмірін қиды. 15 маусымда өз үйіндегі әжетхана есігіне 17 жастағы қыз асылып қалды. Тергеу көрсетіп отырғандай, ол «Дети умирают», «50 дней до моего самоубийства»... деп аталатын бірнеше топтардың тұрақты жазылушысы болып шыққан. Соның алдында ол: «Сені сағыну үшін өлу керек...» деген пост қалдырыпты. Оның өлімінен кейін топ модераторы: «Оның жаны жай тапты» деген сөзді жазып қойған.

Балаларды өмірден кетуге итермелеп, азғыратындардың мақсаты мен пиғылдары ақылға қонбайды. Алайда ата-аналар үшін бұл есепке алуға негіз болу қажет. Біреулер біздің балаларымыздың жанын алғысы келеді, оларды тоқтату керек.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
20 шілде 2016, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.