Атырау, 29 наурыз 20:37
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шабақтарды құтқару

3 204 просмотра

Құрманғазы ауданында көлшіктерде қалып қойған шабақтарды құтқару жұмыстары жалғасуда.

- Ауданда көктемгі өр суы тасыған кезде табан, қаракөз, шортан, жайын және тағы басқа балық түрлері уылдырық шашу үшін көлшіктерге көптеп келеді. Сол себептен мелиорациялық жұмыстарды жүргізу уақытында қолға алынып жүр. Әсіресе, уылдырық шашатын су арналары көп шоғырланған Еңбекші, Нұржау, Мақаш, Киров, Дыңқызыл, Теңіз округтерінде бұл жұмыс қарқынды жүреді, - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ.

Қазір балықшылар көлшіктерде қалып қойған шабақтарды тасымалдап немесе шағын жыраларды қазу арқылы негізгі арналарға жеткізу үшін тынбай еңбек етіп жүр. «Каспий-Балық», «Каспий таңы», «Амангелді» өндірістік кооперативтері, «Ақсу-Қиғаш», «Тілекші» ЖШС-тері және «Сәрсенбаев» шаруа қожалығының 70-ке жуық балықшысы бұл іске асқан жауапкершілікпен қарайды, өйткені, балық аулау шаруашылығы Құрманғазы ауданындағы басты сала.

- Бүгінде 5 млн шабақ Қиғаш өзеніне жіберілді. Тамыз аяғында бұл жұмыс аяқталуы тиіс, - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Құрманғазы бөлімшесінің бас маманы Таңатар ҚУАНАЛИЕВ.

Мәселен, «Каспий-Балық» ӨК бүгінде 89 гектарды алатын 20 шақты көлшіктен бірнеше миллиондаған шабақтарды негізгі су арналарына жіберді. Жәнібек ЖАҢЫЛТПАШЕВ бастаған жиырмаға жуық адамнан тұратын балықшылар бригадасы таңның атысы, күннің батысына дейін мігірсіз жұмыс жасауда.

- Сырт қарағанда бұл оңай жұмыс көрінеді. Маса, соналар талап, дұрыс жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр, соған қарамастан біз жұмысты тоқтатпаймыз, - дейді балықшылар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.