Атырау, 25 сәуір 16:47
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда жер мәселесіне қатысты комиссия отырысы 23 шілдеде өтеді

2 465 просмотра

Бұл туралы ҚР үкіметінің жанындағы жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның мүшесі Мұхтар ТАЙЖАН өзінің Фейсбук парақшасында хабарлады.

Біз облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мен облыс әкімінің аппаратынан оның өтетін орны мен уақытын анықтауға тырысып көргенбіз, алайда бұл мүмкін болмады.

Астанада жер реформасы бойынша комиссияның секретариатында отырысты 23 шілде күні Атырауда өткізу жоспарланып отырғанын растады.

- Осы сенбіде жоспарланып отыр, қазір қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз. Әзірге облыс әкімдігінде өткізу орны мен нақты уақыты белгіленген жоқ.

Айнұр САПАРОВА

19 шілде 2016, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.