Атырау, 24 сәуір 08:09
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Жалақы Өзбекстанға кетіп жатыр

3 246 просмотра

Өткен жылы, ресми мәліметтерге сүйенсек, Атырау облысында 16 мың гастарбайтер жұмыс жасаған. Тек бір жылдың ішінде ақшалай аударымдар арқылы олардың еңбекпен тапқан 750 млн теңге табысы Өзбекстанға жіберілген. Осы және басқа да цифрларды Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін ШПАНОВ хабарлады.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту қызметіне 8 689 адам жүгінген, оның 3 178-ін жұмысқа орналастыру мүмкін болды. Сонымен қатар, облыста жаңа кәсіпорындар ашылып, 7 615 жаңа жұмыс орыны құрылды (4 425 тұрақты және 3 190 уақытша). Қоғамдық жұмыстарға 3 309 жұмыссыз, қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына 137, әлеуметтік жұмыс орындарына – 368 адам жіберілді.

Е.Шпановтың пікірінше, біздегі проблема жұмыс орындарының жоқтығына ғана емес, жергілікті тұрғындардың, олардың пікірінше, жоғары емес жалақыға немесе «лайықсыз» жұмысты атқарғысы келмейтіндігіне қатысты болып отыр:

750 млн теңгені басқа жақтан келген жұмысшылар өз отандарына аударып жіберді. Ал бұл ақшалар біздің өңірімізде қалар еді, ол азаматтарымыздың табысы болар еді. Жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер көп. Мәселен, «Сичим» компаниясы мыңнан астам бос орындар ұсынып отыр, «Арнаулы автобазада» 200 орын бар. Жыл сайын «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қомақты қаржылар бөлінуде. Биыл, мәселен, республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге қарастырылды, 1 435 адамды қамту жоспарланды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 35 инфрақұрылым жобаларына жөндеу жүргізу жоспарланды, 607 жұмыс орындарын ашу белгіленген. 30 жобада жөндеу жұмыстары басталды, жұмысқа 364 адам қабылданды.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында жұмыссыздарға кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 7,2 млн теңге бөлінуде, сонымен қатар, жалпы сомасы 915,6 млн теңгеге 340 шағын несие беру жоспарланған. 1 шілдеде 125 адам жалпы сомасы 318,9 млн теңгеге шағын несие алды. 161,3 млн теңге бағдарламаның үшінші бағытына (кәсіби білім беру, гранттар, әлеуметтік жұмыстар, жастар тәжірибесі) бөлінді. Жыл басынан бері 52 млн теңге игерілді.

2016 жылдың 1 шілдесінде жұмыс көлемінің азаюына байланысты облыстың 26 кәсіпорнынан 356 адам жұмыстан босатылды. Оның ішінде жұмыспен қамту органдарына 259 адам жүгінді. 73 қызметкерді жұмысқа орналастыру мүмкін болды, үшеуі кадрларды қайта даярлау курстарына жіберілді, біреуі әлеуметтік жұмыс орнына ие болды, 23-і жұмыстарын өздері тапты.

Басқарма жұмысындағы бағыттардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау екені белгілі. Біз Шпановтан оларға беріліп отырған памперстердің, мүгедек арбаларының және т.б. сапасының нашарлығына қатысты мүмкіндігі шектеулі жандардың шағымына орай комментарий беруді өтіндік.

Сатып алулар жүргізу кезінде, заңға сәйкес, жеткізуші ұсынатын баға шешуші фактор болып табылады. Бұл мәселені мен мәжіліс депутаты болып тұрған кезде көтерген едім: төмен бағаға бола, сапа зардап шегеді. Ал арбаларды, протездерді және басқа керекті заттарды сатып алуға келсек, комиссия құрамына міндетті түрде мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарынан өкілдер енгізіледі. Олар алынатын заттардың сапасына бақылау жасай алады, - деді ол.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 шілде 2016, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.