Атырау, 19 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ҰҚК: Төлешов ісіне бойынша 25 адам жауапқа тартылды

2 467 просмотра

ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев (оң жақта) пен бас прокуратура өкілі Құсайын Игембаев баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Астана, 11 шілде 2016 жыл. Фото: Аzattyq.org Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада өткен баспасөз мәслихатында Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтары бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

ҰҚК мәлімдеуінше, Төлешов ісі бойынша 25 адам жауапқа тартылған және 300 жуық адам куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

Комитет өзі таратқан мәлімдемеде "Төлешов трансұлттық қылмыстық қоғамды қаржыландырған және қаруланған топты құрып, басқарған. Ол басқарған қылмыстық топ адам өлтіру, қастандық жасау, адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, қарақшылық қылмыстарын жасаған" деп жазған.

ҰҚК Төлешов пен оның сыйбайластары Қазақстан аумағында жаппай тәртіпсіздік пен наразылық акцияларын ұйымдастыру арқылы билікті күшпен тартып алмақ болғанын да мәлімдеді.

Қаңтарда ұсталған кәсіпкер Тоқтар Төлешовті қамауға алу туралы санкцияны Астананың Алматы аудандық 2-соты ақпанның 1-і күні шығарған еді. Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы ("қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу") және 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша күдікті деп танылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 шілде 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.