Атырау, 29 наурыз 20:00
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иракта жойқын жарылыс болды: 35 адам қаза тапты

2 472 просмотра

Фото: ReutersБағдат қаласының солтүстігінде жойқын жарылыс болып, атыс шықты, оның салдарынан кем дегенде 35 адам қаза тапты, тағы 60-қа жуығы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін 20 адамның қаза тауып, тағы 50-інің зардап шеккені айтылған еді. Жарылғыш зат орнатылған көлік жарылғаннан кейін қарулы адамдар тобы Салах-әд-Дин провинциясындағы шейіттердің қасиетті қабірінде, Ирак астанасынан 90 шақырым жерде атыс шығарған.

Fance Press агенттігінің мәліметінше, шейіттердің қабірінің маңындағы Балад қаласында бірнеше жарылыс болған. БАҚ мәліметінше, қарулы адамдар бейбіт тұрғындарды кепілге алған. Бұл шабуылды "Ислам мемлекеті" өз мойнына алды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

8 шілде 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.