Атырау, 19 сәуір 22:30
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ресей Голландияға MH17 ұшағы туралы құжаттар берген

1 829 просмотра

Малайзиялық ұшақтың қалдығы. Фото: ReutersМәскеудегі Ресей тергеу комитеті голландиялық тергеушілерге Malaysian Airlines компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына қатысты құжаттар бергенін бірақ қайыра ешқандай жауап алмағанын айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Комитет төрағасы Владимир Маркин өздерінде бар барлық құжаттарды голландиялықтарға бергенін мәлімдеді.

Маркин өзі басқаратын комитет голландиялық тергеушілермен бірге жұмыс істеуге дайын екенін де айтты. Голландия тарапы құжаттар қабылдағанымен бірігіп жұмыс жасаудан бас тартқан.

Нидерландылық тергеушілер Malaysian Airlines компаниясының MH17 рейсі апатқа ұшыраған ауданнан "Бук" зымыранының сынықтары табылғанын мәлімдеген. Олар Ресей "Бук" зымыраны туралы көбірек ақпарат беруі тиіс дейді. Тергеушілер 2014 жылы шілдеде 298 адам қаза тапқан MH17 рейсінің апатына "Бук" кешенінен атылған зымыран себеп деген.

Malaysian Airlines компаниясының Куала-Лумпурден Амстердамға бет алған Boeing 777 ұшағы Украинаның шығысында сепаратистер бақылауындағы ауданда апатқа ұшыраған. Өткен жылы Нидерланд қауіпсіздік кеңесі жариялаған есепте MH17 рейсін ресейлік "Бук" кешені атып түскені айтылған. Бірақ ол кешеннен зымыранды нақты кім атқаны айтылмайды. Нидерланд қауіпсіздік кеңесінің басшысы Тьиббе Яустр сол кезде "Бук" кешені атылған ауданда сепаратистер әрекет еткенін айтқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 шілде 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.