Атырау, 24 сәуір 17:05
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда 60 пәтерлік үш үй берілді

1 944 просмотра

Атырауда 60 пәтерлік үш тұрғын үй пайдалануға берілді – оның екеуі Нұрсая ықшам ауданында және біреуі Махамбет көшесінің бойында.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАхабарлағандай, жаңа пәтер кілттерін 171 адам алған. Бұлар Нәубетов көшесіндегі №№77, 77 «а», 78, Мырзағали қазірет көшесіндегі №76, Огородная көшесіндегі №40, Сатыбалдиев көшесіндегі №50, Лазо көшесіндегі №№18 және 20, Баймұханов көшесіндегі №72 және Мир даңғылындағы №76 апатты үйлердің тұрғындары, сондай-ақ, бюджеттік мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және кезекте тұрушылар.

Нұрсаядағы №№28 және 29 үйлерді «АтырауҚұрманқұрылыс» ЖШС, Махамбет көшесіндегі №134 үйді «СнабОйл» ЖШС салған.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, келер жылы Атырауда тағы 8 апатты үйлер күреледіекен. Ал олардың орнына несиелік және арендалық баспана санатындағы көппәтерлі 10 үй салына бастайды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Фотосурет "АЖ" мұрағатынан алынды

1 қаңтар 2012, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.