Атырау, 25 сәуір 19:02
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр

2 280 просмотра

Фото: Аzattyq.orgҚазақстан мемлекеттік қарызы бар 134 елдің арасында қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр деп мәлімдеді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов (суретте),- деп хабарлайды Азаттық.

Астанада өткен халыққа есеп беру жиынында мемлекеттің қарызы бақылауда тұрғанын және қазіргі бюджет концепциясында 2019-2020 жылдарға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнім көлемінің 1 пайызы көлеміне дейін азайту жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік кепілдендірілген қарызы 2015 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 12,8 миллиард долларды құрағанын хабарлаған. Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімінің 7 пайызын құрайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 маусым 2016, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.