Атырау, 20 сәуір 20:14
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Brexit Билл Гейтсты миллиард доллардан астам пайдадан айырды

1 720 просмотра

Әлемнің 400 бай адамы Ұлыбританиядан Brexit-ке байланысты келіп түсіп жатқан жаңалықтардан соң бір күнде 127,4 миллиард доллардан қағылды. Олардың арасында Microsoft-тың негізін салушы Билл Гейтс, сондай-ақ Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос та бар, деп хабарлайды BNews.kz.

Жаһандық қор нарықтарындағы құлдырауға байланысты миллиардерлер өз активтерінің 3,2 пайызынан айырылды.

Әсіресе, Inditex компаниясының негізін құрушы (Zara, Oysho, Massimo Dutti, Bershka, Pull and Bear, Stradivarius секілді брендтер) испаниялық бизнесмен Амансио Ортега қатты зиян шекті. Еуропадағы ең бай адам – Ортега алты миллиард доллар пайдадан айырылып қалды.

Тағы тоғыз адам әрқайсысы миллиард доллардан астам қаражаттан қағылды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда, Ұлыбританияда осы елдің алдағы уақытта Еуроодақтың мүшесі болу-болмауы мәселесіне қатысты референдум өткен болатын. Brexit-ті жақтаушылар 51,9 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Дереккөз: Вnews.kz

27 маусым 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.