Атырау, 29 наурыз 10:12
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апат жағдайында қонды: Екі адам зардап шекті

2 179 просмотра

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апат жағдайында қонып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Жұртбаев хабарлады.

"Бізге хабарлама 12:46-да, 26 маусымда түсті. Балқаш ауданында Ан-2 ұшағы апат жағдайында қонды, ұшақ "Тамшы бұлақ" ЖШС меншігінде, екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы жайлы ештеңе айта алмаймын, бұл іспен көлік прокуратурасы айналысып жатыр", - деді ол.

Ал зардап шеккен пилот пен техниктің жағдайын Бақанас аудандық ауруханасының өкілдері айтып берді. Екеуі де екінші және үшінші дәрежелі күйікпен хирургия бөлімінде жатыр екен. "Біреуінде (техник Әлиев - Авт.) зақым келген дене аумағы 20-29 пайыз, екіншісі (пилот Вахидов - Авт.) 70-79 пайыз денесін күйік шалған. Екеуі де есін жиды, әзірше ота қажет емес. Біреуінің жағдайы ауыр, екінші науқастың жағдайы орта деңгейлі", - деп хабарлады ауруханадағылар.

Аурухана өкілдерінің айтуынша, біреуі Шымкент тұрғыны, ал екіншісі Алматы облысында тұрады.

Дереккөз: Тengrinews.kz

27 маусым 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.