Атырау, 20 сәуір 14:01
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Лейтенант мигранттың төлқұжатын 40 мың теңгеге бағалады

2 209 просмотра

№2 Атырау қалалық соты ҚІІБ көші-қон полициясының аға лейтенантына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот азамат Д.-ның көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде, өзбекстандық отбасы жалға алып отырған үйге заңсыз кіріп, сол жерде тінту жүргізгендігін анықтады. Ерлі-зайыптыларды мәжбүрлі түрде елден шығарамыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, олардың құжаттарын тартып алған, содан соң 40 мың теңге көлемінде пара талап еткен.

Өзбекстан азаматы оған айтылған соманың жартысын беріп, кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіне шағымданған.

Полицей қалған соманы алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі кезеңде оның және қала прокурорының арасында кінәні мойындау түрінде іс жүргізу келісімі жасалды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 362-бабы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») мен 366-бабы («Пара алу») бойынша Д. кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен және өмір бойына құқыққорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырумен қатар, параның 70 есе мөлшерінде, яғни 2,8 млн теңгеге айыппұл жазасын алды. Ол, сондай-ақ, полиция аға лейтенанты шенінен айырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 маусым 2016, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.