Атырау, 16 сәуір 15:16
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Экс-полицей Өтеуовтің үкімі өзгеріссіз қалдырылды

2 467 просмотра

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВ пен оның сыбайласы, Өзбекстан азаматы Асан ҚҰРБАНБАЕВТЫҢ апелляциялық шағымдарын қарады.

Естеріңізге салсақ, 3 мамырда М.Өтеуов ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 5,8-тармақшасы («Пайдакүнемдік ниетпен аса қатыгездiкпен адам өлтіру»), 385-бабы («Жалған құжаттар жасау»), 191-бабы («Тонау»), 361-бабының 4-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану»), 188-бабының 3-тармағы («Ірі мөлшерде ұрлық жасау»), 380-бабы («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, ал А.Құрбанбаев ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағы («Ірі мөлшерде ұрлық жасау») бойынша кінәлі деп танылып жалпы режимдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, апелляциялық инстанция сотының қаулысымен М.Өтеуов пен А.Құрбанбаевқа кесілген сот үкімдері өзгеріссіз қалдырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 маусым 2016, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.