Атырау, 20 сәуір 18:38
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын жақтаушылар жеңіске жетті

2 093 просмотра

Фото: ReutersҰлыбританияның Еуроодақтан шығуын жақтаушылар рефендумда жеңіске жетті. Олар сайлаушылардың 16,7 миллион дауысын жинаған,- деп хабарлады Bnews.kz.

Жақтаушылар мен қарсылардың ара салмағы соңғы сағаттарға дейін ауытқумен болды. Дауыстарды есептеу аяқталған соң Brexit-ті жақтаушылардың қатары басым түсіп, олар жеңіске жетті.

Референдумның міндетті заңды сипаты жоқ, яғни үкімет елдің тағдырын өз бетінше шеше алады деген сөз.

Дегенмен, референдум өткізуді Дэвид Кэмероннің өзі бастама еткен. Сондықтан британдықтардың пікірін ескермей қоймасы анық. Бірқатар саясаттанушылар үкімет басшысы отставкаға кетуі мүмкін екенін айтуда. Алайда ол бұған дейін қалай болған күнде де өз қызметінде қала беретінін мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Bnews.kz


24 маусым 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.