Атырау, 19 сәуір 18:12
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Махмұт Мералиев – әмбебап кәсіпкер

2 682 просмотра

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сүйенсек Жыл адамы - 2011 атағын облыстық әкімдіктің Индустрияландыру картасы бойынша серіктесі, «Брандо» ЖШС құрылтайшысы Махмұт МЕРАЛИЕВ (суретте) иеленді.

«Брандо» биылғы жылы қала хроникасында бір мәрте қолданылатын шприцтерді шығару зауытымен есте қалған болатын. Келер жылдың наурызында компания бір мәрте қолданылатын қолғаптар мен ерітінділер құятын медициналық системаларды шығаратын тағы бір зауытты пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Алайда іс жүзінде бұл өте үлкен бизнестің бір қыры ғана. Мералиевтің көмекшісі, «Брандо» басқарушы директоры Алмас ҚУАНЫШЕВТІҢ айтуынша, тегі индерлік «Жыл адамының» іскерлік қызығушылық саласы анағұр-лым кең екен. Ол кеңселік және тұрғын ғимараттарды жалға берумен айналысатын көп-теген түрлі профильдегі компаниялардың құрылтайшысы, мейрамхана кешенін басқарады және мұнай-газ секторына арналған жабдықтарды жеткізумен айналысады екен.

Әкімдік жыл сайын номинациялар тізімін кеңейтуге жұмыстанады. 2005 жылдан бастап ол әжептәуір толығыпты. Қазір номинациялар саны жиырмадан асады. Өз салаларында таэквондо тәлімгері Гүлнафис АЙТМҰХАМБЕТОВА үздік деп танылды. Жыл дәрігері атағын облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Орындық СИПЛОВА, жыл мұғалімі - Майя ҒАЗИЗОВА (И. Тайманов атындағы мектептің сурет және сызу мұғалімі), жыл кәсіпкері атағын «Атаба» супермаркеттері желісінің қожайыны Асқар ТАУБАЕВ иеленді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

29 желтоқсан 2011, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.