Атырау, 20 сәуір 08:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Бұзақыларды ұстау кезінде полицейлерге итті атып тастауға тура келді

2 388 просмотра

Маусымның 20-нан 21-іне қараған түні Атырау-Орал трассасының 30-шы шақырымында Фольксваген-Поло көлігі ЖПҚ қызметкерлерінің ескертуіне тоқтамай, талабына бағынбаған соң полицейлер патрульдік көліктерімен оның соңына түсті.

Құқыққорғау органдарындағы дереккөзіміз хабарлағандай, қуғын Махамбет ауданының Алмалы ауылына дейін жалғасқан. Бейбітшілік көшесінде ауыл мектебінің жанында ізге түсушілердің жолын бұрылыстан шыға келген Лада-Приора бөгеп тастайды. Одан төрт жас жігіт шығып, патруль машинасына тас лақтырып, содан соң белгісіз бағытқа кетіп қалады.

Осыдан кейін Алмалыға қосымша күштер жіберіледі. Полицияға шабуыл жасаған күдіктілер анықталды. Олардың бірін үйінің ауласынан ұстау кезінде полицейге ит шауып, оны атып тастауға тура келген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-тармағының 2-тармақшасы («Билік өкiлiне қарсылық көрсетумен байланысты бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресми деңгейде бұл жайт туралы, неліктен екені белгісіз, жақ ашылмайды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 маусым 2016, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.