Атырау, 19 сәуір 12:06
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Газ тарифі бойынша тыңдау: екіншісі Атырауда өтеді

3 495 просмотра


«ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ-нің тасымалдау тарифін көтеру бойынша қоғамды тыңдау өткізу туралы даулы мәселесі дәстүрге сай шешілмеді: тыңдау Астанада өткен, енді Атырауда да өткізіледі.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне (ТМРжБҚК) 2016-2020 жылдарға газ тасымалдау тарифтерін көтеруге өтініш берді.

2016 жыл – 5 357,20 теңге (мың текше метрдің бағасы, ҚҚС-сыз);

2017 жыл – 5 685,35 теңге;

2018 жыл – 5 763,83 теңге;

2019 жыл – 5 710,16 теңге;

2020 жыл – 5 970,50 теңге.

Бүгінде облыста 1 266,54 теңге мөлшерінде өтемдік тариф деп аталатын уақытша тариф қолданыста.

17 маусымда Астанада осы тақырып бойынша жұртшылық тыңдауы өтті. Мәселе мынада, мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөлігіне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді ТМРжБҚК жүзеге асырады.

Газшілер осы бөлікке енгізілген, сондықтан өз тыңдауларын астанада өткізуге міндетті.

Атырау тұтынушысы бұрын мұндай тәжірибемен бетпе бет келген емес, біздің нарықта ҚТГА пайда болғанға дейін барлық басқа моноплистер облыстық тіркелімге бекітілген. Тиісінше, олардың тарифтері жергілікті деңгейде бекітілетін.

Бұл жаңалықты жұртшылықтың жағымсыз қабылдағанына таң қалуға болмайды. Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы осы ахуалды сезінген.

Өңіріміздегі бизнес мүддесінің өкілдері ретінде Атырау облысы бойынша ТМРжБҚК департаментімен және «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірқатар кеңестер мен кездесулер, соның ішінде өңірлік қоғамдық кеңес отырысын өткіздік.

Онда біз қоғамдық тыңдауды бізде Атырауда өткізу туралы мәселені талқыладық. Отырыс қорытындысы бойынша ҰКП-не, «НұрОтанға», ТМРжБҚ Комитеті департаментіне және мәжіліске хат дайындадық, - дейді ҰКП Атырау өкілдігінің басшысы Асылбек ЖӘКИЕВ. – Біз тыңдауды Атырауда өткізуді талап еттік, өйткені тариф басқа жерде емес, біздің өңірімізде қолданыста болады. ҚТГА АӨФ өтінішін мақұлдаған жағдайда жылу және электр энергиясы тарифтерінің көтерілетіні сөзсіз. Мұны монополист компания басшылары да кездесу кезінде растады. Нәтижесінде, бұл факт өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына теріс ықпал етеді. Бірлескен әрекет арқылы қоғамдық тыңдауды бұрын айтылғандай Астанада емес, Атырауда өткізуге қол жеткіздік. Әңгіме осы үндеухат нәтижесінде қол қойылған «ҚТГА АҚ газ тарату және магистралды газ құбыры бойынша тауарлық газды тасымалдау қызметін бақылау және реттеу функциясын ТМРжБҚК кейбір аумақтық органдарына табыстау туралы» бұйрық жөнінде болып отыр. Осы бұйрыққа сәйкес, ҚТГА АӨФ өтінішіне қатысты материалдар облыстық антимонополиялық департаментке қарау үшін жолданады.

– Алайда Атырау облысы үшін тарифтер бойынша тыңдау астанада өтіп кетті ғой. Осы тақырыпта алдағы тыңдауды жергілікті деңгейде өткізудің мәнісі бар ма? Заңды тұрғыда алсақ, жергілікті тыңдау қаншалықты заңды болады?

Иә, заң бойынша Астанадағы тыңдау нормативті күшке ие, бірақ бұл жерде де халық шешеді. Бұл пікір ескерілетін болады. Біздің келісімімізбен ақырғы шешім қабылдау кезінде екі тыңдаудың қорытындылары мақұлданатын болады. Сондықтан тұрғындарға да, бизнес субъектілеріне де тыңдауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірулері керек.

Атырау облыстық ТМРжБҚК департаментінде екінші жұртшылық тыңдауына әзірлік жүруде.

Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері жолданған материалдарға талдау өткізуде, - деді департамент басшысы Нұрлан ТАУБАЕВ.

Атыраудағы жұртшылық тыңдауы 28 маусымда сағат 11.00-де Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өткізіледі деп белгіленген. Бекітілген жағдайда тариф ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
23 маусым 2016, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.