Атырау, 20 сәуір 10:02
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"«Үштілділік – қазақ мектептерін жою мақсатында жасалған жоспар» — Расул Жұмалы", "Еуропа бірлігі сынға түскен күн", "Әзімбай Ғали. Қытайдан емес, Ресейден қауіптену керек", "“Қазақстан тарихы" оқулығындағы қателіктерді жөндейтін уақыт жетті"

2 892 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. Үштілділік – қазақ мектептерін жою мақсатында жасалған жоспар» — Расул Жұмалы" - Күні кеше Білім министрі Сағадиев елімізде орысша оқитын, қазақша білмейтін 500 мың бала бар деді. 17 млн. халқы бар Қазақстан үшін бұл көп. Тым көп. Бұл тек бала саны. Қазақша сөйлемейтін үлкендер қаншама? Мұны біле отыра «Үштілділік» бағдарламасын қолға алған биліктің бастамасына саясаттанушы Расұл Жұмалы төмендегідей пікір білдірді.

"Қазақстан Еуразиялық одаққа кірер кезде шығатын тесікті де ойлауы керек еді — экономист" - Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шықпақ ниетте. Бұл жайт Еуразиялық одаққа басын тығып қойған Қазақстанға бес түрлі сабақ беруі тиіс. Қандай дейсіз бе?

ZHASALASH.KZ. "Путиндi сотқа бердi" - 2 жыл бұрын Украинаның Донецк облысында құлаған малайзиялық ұшақ жолаушыларының туыстары Ресей мен оның пре­зидентi В.Путиндi Еуропалық адам құқықтары жөнiндегi сотқа бердi. Австралиялық LHD заң­герлiк компаниясы арқылы берiлген шағымның иелерi MH17 рейсiмен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан ұшақтың апатына Ресейдi кiнәлi деп санайды. Шағымға қаза тапқандардың ең жақын 33 туысы қол қойған, олардың 24-i Малайзия азаматтары, 8-i Австралияда және 1 адам Жаңа Зеландияда тұрады. Жәбiрленушiлер Путиннен өтемақы есебiнде 330 млн доллар талап етуде. Демек, марқұмдардың жақындары ұшақты Путиннiң бұйрығымен Ресей әскерi атып түсiрдi дегенге еш шүбә келтiр­мейдi.

AZATTYQ.ORG. "Ұлыбритания: Мигранты көп Бостон қалай дауыс береді?" - Англия шығысындағы Бостоннан байырғы жұрттың сүйікті асы - орамамен қатар поляк варенигін де жиі көресіз. Ұлыбританияның Бостон қаласы - Brexit сөзінің иммиграция мәселесіне қаншалықты қатысты екенін анықтауға болатын жер.

"ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістан қосылса, не өзгереді?" - Ташкентте ШЫҰ елдері басшыларының саммиті басталды. Сарапшының пікірінше, биыл маусымның 23-24-і аралығында өтіп жатқан бұл жиынның бірнеше ерекшелігі бар.

ABAI.KZ. "Мәжіліс спикерлерінің «менбілемдігі» тыйыла ма?" - Жақында Президенттің пәрменімен депутат Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жаңа спикері болып тағайындалған еді. Төменгі палата депутаттары Нығматулиннің кандидатурасын бір ауыздан қолдаған соң, экс-спикер Ізмұхамбетов орнын босатқан-тын.

"Әзімбай Ғали. Қытайдан емес, Ресейден қауіптену керек" - Елімізде әлі күнге әлеуметтік-экономикалық және демографиялық кенжелеу белең алып жатыр. Демографияның өтпелі кезеңінен әлі өтіп болған жоқпыз. Туу көрсеткіш тым төмен. Қазір туу көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы орында индуистер тұр, одан кейінгі орынға мұсылмандар жайғасқан, сосын католиктер, онан кейін барып орыс православиясы мен протестанттар екен. Жалпы, Бразилияның төл жұрты америкалық үндістер екені белгілі. Қазір олардың туу көрсеткіші ұлғайып, үлес салмағы арта бастады. Сол сияқты қара нәсілділердің «бала көп болсын» деген ұстанымдары нығайғаны байқалады.

TURKYSTAN.KZ. "Еуропа бірлігі сынға түскен күн" - Бүгін Еуропаның бірлігі мен тұтастығы сынға түсетін күн. Былтыр сайлауда жеңіске жеткен Дэвид Кэмерон уәдесінде тұрды: 23 маусым Біріккен Корольдіктің азаматтары Еуропалық одақ құрамында қалу не одан шығуды жақтап дауыс береді. Шешімді қабылдайтын британдықтар болса да, референдум нәтижесі кәрі құрлық тұрғындарының да тағдырына айтарлықтай әсер етпек. Себебі Ұлыбритания Одақ құрамында қалса, бәрі өз қалпында сақталады, әр іс өз жөнімен атқарылмақ. Ал Брексит шынымен жүзеге асатын болса, онда Еуропалық одақтың өз ішіндегі көзге көрінбес толқулар белең алып, кері интеграция басталу қаупі бар.

"Соғыста қиратылған мәдени құндылықтар" - ХХІ ғасыр адамзат баласын ақыл-ой биігіне көтеріп, ғылым мен техникаға қарқынды даму үрдісін әкелсе де – адам бойынан орта ғасырлық тағылықты біржола қуып шыға алмады. Кейбіреулердің айтуынша, вандализмнің күшеюіне діни фанатизмнің үлкен әсері болып отыр. Бірақ соғыс қимылдары, кескілескен ұрыстар – ескерткіштердің ең үлкен жауы. Соның кесірінен ғасырлар бойы сақталып келген, адам қолымен жасалған өте маңызды мәдени ескерткіштер қирап, бүлініп барады.

ULT.KZ. "Қазақстанда болашақ жоқ па? АҚШ-ты көрген студент қазақстаннан саналы түрде бас тартты" - Қазақстанда өмір сүру — уақытты текке өткізу дейді, Америкаға біржолата көшіп кеткен Темір Хан есімді бұрынғы қазақстандық студент. Ол өзінің facebook-тегі жеке парақшасында Қазақстанда әлі студент болып, оқып жүргендерге өзінің кеңесін береді», — деп жазады.

"Ақын мен Тобыр" - Антипоэзия дейтін бір жексұрын бар мына жарық дүниеде. Адамзаттың алғашқы ақыны Гомермен ілесе туған. Атамзаманнан тайраңдап келеді. Тарихққа қарап отырсаңыз, осы оңбағанның ең тежеусіз, бетімен кетіп,сайран салған кезеңі совет өкіметінің тұсы екен. Тексіз құл, бетсіз күңмен қоса құтырған пәле! Ленин шала сауатты, дарынсыз Демьян Бедныйды мемлекеттің бас ақыны деп жариялайды. Өзі тұрған Кремльден пәтер береді. Бұл кезде Александр Блок та, Осип Мандельштам, Анна Ахматова да тірі. Блок аштан өледі. Мандельштам айдалып кетеді. Ахматова өлі-өлгенше үйсіз-күйсіз өтеді.

DALANEWS.KZ. "Ауыл бизнесін өркендету маңызды бағыт" - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеу бойынша уәкілеттік ұйым ретінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамыту Біріңғай бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтініштерді қабылдай бастады.

QAZAQUNI.KZ. "Сағадиев тағы да соққы алды" - Парламент Сенатында 2015 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі талқыланған жалпы отырыста Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орыс тілді депутаттарды қазақ тілін жеделдетіп үйрететін топқа қатысуға шақырды. Сөйтсек, қазақ тілін оқытатын топтар дәп қәзір мүлдем жұмыс істемейді екен.

"“Қазақстан тарихы" оқулығындағы қателіктерді жөндейтін уақыт жетті" - Ата-бабаларымыздың толассыз ұмтылысы, осы жолда өмірлерін құрбан етулері арқылы бірнеше ғасыр бойы тоқтаусыз жүргізіліп келген азаттық қозғалысының нәтижесінде қол жеткізілген Тәуелсіздіктің биылғы 25 жылдығында тағы да өз ішімізден дау шығып, осы сынды да даңқты өткенімізді бүгінгі және болашақ ұрпақтың санасына жеткізетін, одан сабақ және жігер алып, Отанының бостандығы жолындағы жауапкершіліктерін тудыратын Көне заманнан басталатын Қазақстан тарихы пәнін арнаулы орта, жоғары оқу орындарынан алып тастау туралы сөз басталып отыр. Ал, біз мұны дұрыс шешім деп есептемейміз.





23 маусым 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.