Атырау, 25 сәуір 11:51
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Дарынды ұрпақтың жұлдызды сәті

3 421 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты ІІІ облыстық дарынды оқушылар форумы өтті.

әйгелерден оза шапқан оқушылар, Алтын белгіге және үздік аттестатқа ие болған түлектер шақырылды. Форумның ашылу салтанатына орай, оқушылардың әр саладағы жобаларынан көрме ұйымдастырылып, келген қонақтарға үздік деп танылған жобалар таныстырылды.

Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әлішер БАТАУОВ сіріңкесіз от жағуды көрсетсе, Таңдай ауылынан келген 5 жасар Өтепқали СӘТБЕРГЕН «Сарайшық ешкі сүті» зауытының макетін жасап, ешкі сүтінің пайдасы туралы баяндады. Ол өскенде жоғары білім алып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды мақсат тұтады.

Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әли ДАЛАШ қарапайым ақ түсті раушан гүлдерін арнайы ас бояғышының көмегімен өзге түстерге бояуға болатынын дәлелдеді.

- Раушан гүлдерін табиғи емес бояулардың көмегімен кез келген түске бояп, нарықта сұранысқа ие тауарға айналдыруға әбден болады, - дейді Әли. - Тек қолдау мен үлкен қаражат керек.

Қазақ-түрік лицейінің тағы бір оқушысы Данияр ЕРНИЯЗОВ Рубиктің кубигін 46 секундта жинады. Бұл осы жарыстан өтетін әртүрлі әлемдік турнирлерде салмақты нәтиже болып саналады.

Көрмені тамашалаған облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жас ғалымдарға сәттілік тіледі.

Форум әрі қарай халықаралық бәйгелерде жеңімпаз атанған оқушыларды, Алтын белгі мен үздік аттестатқа ие болған түлектерді марапаттау салтанатына жалғасты. Бәріне облыс әкімдігінің арнайы сыйлықтары салтанатты түрде табыс етілді.

ҰБТ-дан ең жоғары балл (123) жинаған Жадыра ЖАЛҒАСҚЫЗЫ барлық оқушыларды құттықтап, «білімге құштарлық тек қана биікке сүйрейді» деп сөзін қорытындылады.

№35 мектеп-гимназиясының түлегі Ғазиза ҚАДІРОВА, «Алтын белгі» иегері:

- ҰБТ 11 жылдағы алған білімімді дәлелдейтін сынақ болды. ҰБТ-ға соңғы жылы қарқынды дайындалып, әлеуметтік желі мен ғаламтордан түбегейлі бас тарттым. Осындай қиын сынақта маған қолдау көрсеткен алдымен ата-анама және мектебіміздің басшысы Айгүл Көжекбаеваға алғысым шексіз.

Форум соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жас түлектер тілек тілеп, көк аспанға шар ұшырды.

Фархат ӘБІЛОВ, АМУ-дың 2-курс студенті

Суретті түсірген Нұролла САПАРОВ, АМУ-дың 2-курс студенті

23 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.