Атырау, 20 сәуір 08:21
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

Сурет
2 497 просмотра

Самбо

Мәскеуде «Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымдарының» жүлдесі үшін халықаралық жасөспірімдер фестивалі өтті.

48 келіге дейінгі салмақта белдескен №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Асқар Еспосынов алтын медальды жеңіп алды. Айта кету керек, бұл Асқардың 2016 жылғы алғашқы жеңісі емес: жыл басында ол Талдықорғанда ҚР чемпионымен және Ашхабадта Азия чемпионымен болған айқаста да жеңіске жетті. Енді Асқар Бухарестте қазан айында өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін ҚР құрамасынан нақты орын алды. Спортшыны облыстағы аға жаттықтырушы Қайрат Досқалиев жаттықтырады.

***

Өңірлік дене тәрбиесін дамыту орталығының бастамасымен «Атамекен» спорттың ұлттық түрлерінен мектеп оқушыларының спартакиадасы өтті.

Жарысқа екі команда қатысты - Атырау қаласының командасы және Мақат, Жылыой, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарының командалары. Балалар спорттық жарыстар арасында Жайық-Атырау бекіре зауытында болып, бүгінгі күні жоғалып бара жатқан жануарлар туралы лекциялар тыңдады.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Махамбет ауданының Таңдай орта мектебінің оқушыларынан құралған «Ауыл таңы» командасы иеленді. Екінші орынды Исатай ауданынан келген Гагарин атындағы мектептің «Қыран» командасы еншіледі. Ал, үшінші орынға Атырау қаласындағы №23 мектептің «Бейбарыс» командасы ие болды.

Жекелей спорттық жарыстар бойынша: асық атудан Асылхан Ғизатуллин (Құрманғазы ауданы), мәлік атудан Жалғас Шохаев (Исатай ауданы), тоғызқұмалақтан Риза Ерғабыл (Махамбет ауданы), арқан тартудан «Ауыл таңы» (Махамбет ауданы) командасы жеңімпаз деп танылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


СПАРТАКИАДА

Атырау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармонияның 50 жылдық мерейтойы құрметіне мәдениет және өнер қызметкерлері арасында екі күндік спартакиада өтті.

Бірінші күні әйелдер арасында волейболдан, екінші күні ерлер арасында мини-футболдан турнир өтті.

Волейболдан І орынды Құрманғазы атындағы МҮ командасы жеңіп алды, ІІ орынды Махамбет атындағы драма театры, ІІІ орынды облыстық филармония командасы иеленді. Ал, кіші футболдан филармония командасы І орынға шықты, ІІ орынды облыстық халық шығармашылығы орталығының командасы, ІІІ орынды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жеңіп алды.

***

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

«Атырау» дене шынықтыру және сауықтыру кешені маңынан былтыр жазда ашылған «Бастаңғы» алаңында «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Асық ату» ұлттық ойыны өткізілді.

Асық ойыны баланы көздегеніне тигізбей қоймас мергендікке, ептілікке баулиды.

Ойын барысында қазақ ауылының тіршілігін көз алдымызға келтіру үшін жастар қазанға бауырсақ пісіріп, күй шертті. Жастардың асық туралы білімдерін байқау мақсатында викториналық сұрақтар қойылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Кеш соңында үлкендеріміз осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуын тіледі.

Дана МАҚАЖАН, АМУ-дың 2-курс студенті



23 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.