Атырау, 28 наурыз 21:34
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қалалық әкімдіктегі тағайындаулар

2 176 просмотра

Image 0Бүгін қалалық әкімдікте біршама кадрлық ауыс-түйістер орын алды.

Руслан ИБРАЕВ қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл орынға дейін Атырау облыстық техникалық реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы лауазымын атқарған. Облыстық әкімдіктен қалалық әкімдікке 2015 жылдың қаңтарында мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып тағайындалған Жұмабай ҚАРАҒАЕВ (суретте) оралды. Қалалық әкімдікте ол 2013-2015 жылдары Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі әкім орынбасары болып атқарған өзінің үйреншікті орнына жайғасады.

Осы лауазымды атқарған Әділбек ЗАЙДУЛЛИН «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Мемлекеттік қызметке Серікбай ҚАЗИЕВТІҢ қайта оралуы күтпеген жайт болды. 2015 жылдың шілдесінде қалалық ТКШ бөлімінің басшысы «өз еркімен» деген анықтамамен қызметінен босату туралы өтініш жазған болатын. Алайда бір жыл өткен соң кәсіпкерлік қызметінен бұрынғы лауазымына қайта оралды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
22 маусым 2016, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.