Атырау, 25 сәуір 14:02
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Неге тыйым салынған...

4 975 просмотра

Бізде нені, қайда және кімді фотосуретке түсіре алатыным туралы нақты жазылған заң бар ма? 9 мамыр қарсаңында мен Мәңгілік алауға гүл шоғын қою әзірлігін суретке түсірген болатынмын. Бір әскери адам наразылық білдіріп, түсіру үшін олардан рұқсат алуға тиіс екенімді айтты. Менің түсінуімше, егер мен оның әскери бөліміне суретке түсіру үшін барсам, маған түсірілім жасауға тыйым салуға толықтай құқығы бар. Бақ ішінде еш рұқсатсыз нені және кімді болса да суретке түсіруге құқылымын ба?

Телефон арқылы

Оқырман сұрағына «Құқықтық Медиа-орталық» ОФ директоры Диана ОКРЕМОВА жауап берді:

– ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабында өз бейнесiне құқық туралы айтылған. Бұл бапта «басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi» делінген. Дегенмен, заңда айтылмаса да – егер адам қоғамдық орында және коммерциялық немесе фотосуретті жариялау мақсатында емес, тек өзі үшін фотосуретке түсірсе, түсірілім жасауға рұқсат сұрауға міндетті емес. Бұған заңда тыйым салынбаған.

23 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.