Атырау, 18 сәуір 16:13
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Бәрі тұрғындар есебінен шешіледі

2 108 просмотра

Біздің үйдегі терможаңғырту бағдарламасы аясында осыдан үш жыл бұрын орнатылған лифт еш себепсіз тоқтап қала береді. Оны орнату үшін біздің 9 млн теңгеміз шығындалды, яғни, ай сайын 2,5 мың теңгені әлі күнге төлеп келеміз. Енді біз лифт жұмысы үшін кімге шағымданамыз?

Роза Сатаева, Алмагүл ықшам ауданындағы №21 үйдің тұрғыны

Сауалға қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ жауап берді:

- 2012 жылы «Каспий лифт» ЖШС мердігер ұйымымен лифт жабдықтау бойынша келісімшарт жасалған болатын. Аяқталған нысанды пайдалануға беру жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2013 жылдың 16 қыркүйегінде қол қойылды. 2015 жылдың 16 қыркүйегінде міндеттерді атқарудың кепілдік мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкесті лифтінің ақаулығы тұрғындардан осы көрсетілген үйге қызмет көрсетуші «Тату» ПИК-мен бірге қосымша қаржы жинау жолымен шешілуі тиіс.

23 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.